0:00 / 0:00
Салық салу жүйесі қайта қарастырылатын болады. Соның ішінде қосымша құн салығының механизіміне өзгеріс енгіземіз деді су жаңа Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әзірленіп жатқан жаңа салық кодексіне көңілі толмайтынын айтты. Үкіметке инвесторларға қолайлы жағдай жасайтын және бюджетке қажетті көлемде қаржы әкелетін құжат дайындауды тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді деді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартты Тоқаев. Сондай-ақ, табыс пен мүлікке салық салудың жаңа жүйесін енгізу көзделген. Үкіметке Салық кодексі құжатын әзірлеуге осы сала мамандарынан бөлек экономистер мен бизнес өкілдері жұмылдырылуды міндеттеді. Жаңа министр бұл шаруаға екі қолын сыбана кіріспек