0:00 / 0:00
Президент Тоқаев мәжіліске Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бектенов бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды. Оның алдында сыйбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінде жетекшілік етті. Өте батыл, тәртіпті, өз ісіне жауапты деген баға берді оған президент.
Осылайша Мәжілістің отырысында депутаттар Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады. Праламенттегі алты саяси партияның төртеуі бірауыздан қолдап дауыс берсе, Қазақстан Халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қалыс қалды. 69 депутат жақтап, жетеуі қалыс қалды. Көпшілік дауыспен үкімет басы тағына жайғасқан Олжас Бектенов еліміздің 12 –і пермьер-министрі атанды. Алматылық 43 жасар су жаңа премьердің алдында атқаратын шаруа көп.
Депутаттар қоғам постқаңтарлық үкіметтің отставкасын көп күтті. Ал жаңа үкімет басшысы жемқорлықты жоюға күш салады дейді.
Үкіметтің жаңа құрамында жаңа тұлағаларды көруіміз мүмкін. Президент қаржы-экономикалық блокта референдум болады деді. Осыған қарағанда қаржы, экономика министрлері жылы орынмен қоштасуы мүмкін.
Осылайша ел үкіметін екі жыл басқарған Әлихан Смайыловтың орнына келген Олжас Бектенов бастаған министрлер кабинеті 30 пайызға жаңарады деген болжам бар. Көпке бармай, сейсенбінің кешінде қазақ қоғамы су жаңа министрлермен танысып та үлгеруі мүмкін. Себебі, депутаттар бүгін жұмыста тапжылмай отырып, жоғарғы жақтың ұсынған кандидаттарына дауыс беруі керек.