0:00 / 0:00
Баспана басты мәселе. Пайыздық мөлшерлемесі шарықтап тұрған ипоеткаға үй алу кез-келген қазақстандықтың қолы жететін арман емес. Жалақысы төмен, кірісі шығысынан асып отырған топтар үшін баспаналы болу қиын. Депутаттардың айтуынша, не ауылда үйі жоқ, не қаладан баспана ала алмай қиналып жүрген отандастарымыз бар.Ең аз жалақы саналатын 85 мың-100 мың теңге ғана алатын адамдар ипотекалық несиенің бастапқы жарнасын да жинай алмай отыр. 20-30 пайыздық бастапқы жарна өте көп. Ал елімізде жеңілдетілген талай бағдарламалар енгізілгенімен, оның игілігін көру де қиындап отыр. Себебі, жеңілдетілген несиемен ұсынылған мемлекеттік бағдарламалрдың ғұмыры қысқа болып жатыр. Я болмаса оған бөлінген қаржы көлемі тауыққа тары шашқандай. Соның бірі «7-20-25» бағдарламасына көпшілік қол жеткізе алмайды.
Ал «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қалың көпшілікке емес, тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаж жандарға ғана арналған әрі бұл бағдарлама аясында тек әкімшілік ұсынған жаңа үйден ғана баспана алуға болады. Ал қазір кейбір өңірде соңғы 2 жылда салынған нысан жоқ. Себебі ондай арзан үйлерді салу үшін қаржы керек. Салдарынан үй кезегі жылжымай отыр. Мәжілісмен Сайлаубай он жылдап үйге кезекте тұрған осал топтағылардың мәселесін 2 пайыздық ипотекалық несие беріп, шешуді ұсынды.
Өкінішке орай, «Отбасы банк»-ң әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламалары да тиімсіз дейді депутат. Бұл бағдарлама 35-ке толмаған жастарға арналған. Сондай-ақ оған тек мемлекеттік мекемеде қызмет ететіндер ғана қатыса алады. Бірақ жеке компанияда қызметте жүргендер, базарда сауда-саттықпен айналысатын, такси жүргізушісі болып жүрген жастар қалыс қалып отыр. Бұл әділетсіздікті жою үшін оларды бөліп-жармай, жастар санаты үшін 5% пайыз алғашқы жарнамен және 5% пайыздық ставкамен ортақ бағдарлама енгізуді ұсынды мәжілісмен. Депутаттың үкімет қойған талабының тағы бірі – Отбасы банк арқылы жүзеге асырылатын «9-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын 20% пайыздан 10% пайызға азайту. Ал пайыздық мөлшерлемені 8% пайызға төмендету керек. Алдағы уақытта енгізілетін бұл бағдарламаға жылына 150 млрд теңге бөлу жоспарланған.