0:00 / 0:00
Депутат Берденовтің мәліметіне сүйенсек, елімізде 2 миллионнан астам кәсіпкер тіркелген. Оның 1,7 млн жеке кәсіпкер, 440 мың - шағын бизнес, 2800 - орта бизнес, 1000 - ірі бизнес өкілдері. 50 мыңнан астамы шағын дүкен ұстап отырғандар. Олардың барлығы күнде эквайринг процесін жүзеге асырады. Эквайринг пайызы дегеніміз банк караталарын пайдаланып сауда және сервистік ұйымдармен банкоматтарда немесе қолма-қол ақша беретін орындарда ақша беру операцияларын жасайтын есеп айырысу қызметі болып табылады. Ал қазір кез-келген дүкенге барып сауда жасасаңыз қолма-қол ақшадан гөрі, банк картасы, QR бойынша қабылдайды. Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерден осы қызмет үшін 0,5 пайыздан 3 пайызға дейін комиссия алады. Ал өткен жылғы инфляция көлемі 9,8 пайзды құрап, азық-түлік бағасы, ақылы қызметтердің құны шарықтады. Қымбатшылық салдарына сату көлемі де күрт төмендеді. Мәжілісмен қазір көптеген дүкендер жабылу алдында тұр. Ал бұл дүкендер бөлшек салығы режимінде жұмыс жасап, айналымнан 4%-ды салық төлейді дейді.
Осылайша екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлерге салмақ салып отыр. Мәжілісмен қаржы нарығын реттеу агенттігінен эквайринг пайызын төмендетуді талап етті.