0:00 / 0:00
Сенаторлар үкіметтен көрші елдерден келіп жатқан тауарларға бақылауды күшейтуді талап етті. Депутат Лукиннің мәлметінше, қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекетінде елге кіргізіліп жатқан тауарларға бақылау жоқтың қасы. Осы бекетте контрабанда мен тыйым салынған заттарды анықтаумен тек шекара қызметі айналысады. Алайда шекарашылар оны көзбен шолып өткізе салады. Шекара бекетінде тауарлар лабораториялық зерттеуден де өткізілмейді дейді депутат. 2022 жылы қазақ-қырғыз шекарасындағы бекеттен контарбандалық жолмен жеткізілген 1 млрд теңге сомасындағы бір ғана факті тіркелген. Бұл жерде кіріс органдары, шекара қызметі мен ветеринарларлық қызметтегі лауазымды тұлғалардың қатысуымен жемқорлық ісі тіркелген.кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ та ұсталған. Тек биылдың өзінде 10 адамнан тұратын қылмсытық топтың 3 жетекшісі қолға түсті. Мұның бәрі шекара бекетіндегі былықты көрсетеді деп отыр сенатор.
АНДРЕЙ ЛУКИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Соңғы 3 жылда Қырғызстаннан Қазақстанға «Шалдуар» станциясы арқылы 190 мың тонна жүк импортталып, 3 млн 565 мың тонна экспортталды.Бекетте өнім мен шикізат үлгілерін зерделеу мүмкіндігі жоқ, нәтижесінде заңды тауар ретінде тыйым салынған жүктерді тасымалдау қаупі жоғары. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне де теріс әсер етеді. Тиісті бақылаудың болмауы Қырғызстанмен шекаралас өңірлерді қылмыс жайлауына және тауарларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын топтардың пайда болуына әкеледі»
Сенатор Лукин Үкіметке Жамбыл облысындағы қазақ-қырғыз бекетіндегі жүктердің қозғалысын бақылау тәртібін реттейтін және күшейтетін нормативтік-құқықтық акті қабылдауды ұсынды. Ал депутат Әлібек Нәутиевті көрші елдерден импортпен келіп жатқан ауыл шарушалықы өнімдерінің сапасы мазалайды. Елімізге көршілес елдерден азық-түлік көптеп тасымалданады. Қазақстандық шаруаларда Ресейге өз өнімдерін шығаруға мүмкіндіктері бар. Дегенмен бізден оларға шығарылған өнім өзіміздің зертаханамыздан және шекарадан тексеріледі. Одан кейін тағы 15-20 күндей сол елдің зертханасында тексеріледі. Бұл өз халқының денсаулығын сақтау үшін қолданылып отырған шара. Бірақ көрші Ресейден келіп жатқан өнімдер Қазақстанның ішінде ешбір тексеруден өтпейді дейді сенатор.
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша әлі күнге көршілес елдерден келген импортқа тәуелді. Ал Еуразиялық экономикалық одақта отандық өнімдердің үлесі небәрі 5,7 процентті құрап отыр.