0:00 / 0:00
Елдегі жылу беру насындары алдағы қысқа дайын ба? Үкіметтегілер өңірлердегі қазандықтардың дайындығы туралы есепті тыңдап, талқылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, білім және денсаулық сақтау нысандары алдағы жылу беру маусымына толық дайын емес. Ал премьер-министр Әлихан Смайылов кейбір жылу көздерін жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалуы мүмкін, – деп алаңдаушылық білдірді. Толыңырақ тілші тарқатады.
Солтүстік және орталық Қазақстан өңірлері үшін сары күздің ызғары да қыстан кем емес. Одан әрі Қылышын сүйреп қыс келеді. Ал жылдағыдай өңірлер қыстың қамын жаз ойла деген қағиданы естен шығара беретін сияқты. Осы қыстың басындаңғы Екібастұздағы апаттан соң, мұз қалашыққа айнала жаздағаны әлі есімізде. Бүгін үкімет басы әкмідер мен құзырлы орган басшыларының жылу беру маусымына дайныдық есебін тыңдады. Жүз пайыз дайындық бар деп айта алмаймыз. Өкінішке орай әлеуметтік нысандар яғни білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері жылуға дайын емес болып шықты. Су жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрі Шарлапаевтың айтуынша, сегіз өңірде осындай жағдай орын алып отыр.
Министрдің мәліметінше, денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9% құрайды. Бірақ тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары әлі жүріп жатыр. Абай, Ақтөбе , Атырау облыстарындағы медицина нысандары толық дайын емес. Өз кезегінде Премьер-министр Әлихан Смайылов та кейбір жылу көздерін жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
Үкімет басшысы облыс әкімдеріне Энергетика министрлігімен бірлесіп жөндеу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізіп, алдағы маусымда қажетті жылу беруді қамтамасыз етуді талап етті. Ал Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов биылғы жылыту маусымында олқылық шығу тәуекелі жоғары қалаларды атады. Ақтау қаласындағы жағдай алаңдатады, нақты айтқанда МАЭК бойынша мәселе әлі де бар. Теміртаудағы №2 жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр. Екібастұзда жылыту маусымына дайындық аяқталып қалды. Онда биыл мәселе туындамайды деп сендірді вице-министр. Ал Риддер қаласындағы жылу орталықтарын жөндеуге қаражат кеш бөлінді. Қазір жөндеу жүріп жатыр, қыркүйек айының соңына қарай екі қазандық дайын болады деген жоспар бар деді шенеунік.