0:00 / 0:00
Бірнеше заңды тұлға иелері Парламент Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллинді мемлекет қаражатын ұрлады. Мыңдаған тонна астықты қолды қылды деп айыптап отыр. Олар бұл жайында бапасөз маслихатын өткізіп, екі жылдан бері депутат Зейнулиннің «AiZet Farms» компаниясымен соттасып келеміз деп шағымданды. «Арай», «Бауманское-07» жауапкершілігі серіктестіктердің жетекшілері Солтүстік Қазақстан. Ақмола өңірлерінде астық екпеші болған. Бірақ оларға жоғарыда аталған депутат Зейнуллиннің компаниясы кедергі келтіруде. Жер дауына қатысты дауды мәжіліс депутат Зейнуллин мойындамады. Бір депутаттың жерге қатысты басу дауға қалып жатса, екінші депутат Дәулет Тұрлыхановтың екінші ұлы төбелесіп қалды деген ақпарат тарауда. Депутат этикасына қатысты бейнематериалды ұсынамыз.
Солтүстік Қазақстан мен Ақмола өңірлерінде орын алған жер дауы 2019 жылы басталған. Аймақтық әкімдіктердің шешімімен 100 мыңдаған гектар жері мен миллиардттаған сомадағы мүлкімен бес бірдей шаруашылық Мәжіліс депутат Аян Зейнуллин басқаратын «AiZet Farms» компаниясының меншігіне өткен. Алайда, фермерлердің айтуынша аталған компания төрт жылдан бері сенімді ақтамаған. Қазір шаруашылықтар қарызға белшеден батып, банкроттың алдында тұр. Шаруашылықтарда жұмыстан кету жиілеп, жалақыны уақытында төлемеу, мал басы азайып, арам өліп жатыр, жұмысшыларға қысым көрсетілуде дейді шаруалар. 70 жастағы «Арай» компаниясының жетекшісі Мариям Ыбыраеваның айтуынша, Зейнуллиннің адамдары келіп қоқан-лоқы көрсеткен. Жерге салған ақшаларын қайтармаған.
Алайда, депутат Зейнуллин сүттен ақ, судан тазамын, керсінше өз отбасына тиесілі «AiZet Farms» компаниясы жер иелерінің құқығын қорғап жатыр деп шырылдады.
Екі жылдан бері депутаттың компаниясымен соттасып жатқан бірнеше заңды тұлға иелері болса, Аян Зейнуллин облыс маслихатының депутаты болып тұрған кезінде бұлармен кездесіп, өз билігі жүріп тұрғанын айтқан.
Алайда, мәжілісмен Зейнуллин Мариям деген апайды танымаймын да, көрген де емеспін деп отыр. Енді ол өзіне шағымданған шаруаларға қарсы шағым түсіремін дейді.
Айта кету керек, Зейнуллин Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары арасында басы дауға қалып отырған екінші депутат. Бұған дейін ауылдық депутат Жигули Дайрабаевтың балалары мемлекеттен субсидия алып, қолды қылды деп сынға іліккенді. Алайда, Дайрабаевтың ұлдары істі болып жатса да, мандатымнан бас тартпаймын деп қасқайып тұрып алғаны есімізде. Билік партиясының да депутаттары қалыс қалып жатқан жоқ. Бүгін БАҚ беттерінде депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы әйелге қол көтерді деген ақпарат бұрқ ете қалды. Тіпті оның видеосы да тарады. Видеода жігіт пен қыз дауласып, қыз бала жігітті жұлмалап, ол сол кезде әйел адамды итеріп жібереді. Мәжілісмен ұлының әрекетіне қатысты өз пікірін айтты.
Еске сала кетейік, өткен қыста Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққыға жыққанды. Депутат әлеуметтік желілерде дау тудырған ұлының іс-әрекеті үшін кешірім сұрағаны есімізде.