0:00 / 0:00
Парламент заңсыз аквтитерді қайтару мәселесіне кірісіп кетті. Мәжіліс Қазақстан аумағында және одан тыс жерде заңсыз алынған активтерді қайтаруға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. Өздеріңізге мәлім, өткен жылдың басында президент халықаралық сарапшылардың зерттеуіне тоқталып, еліміздегі байлықтың тең жартысы 162 адамға тиесілі екенін айтқанды. Ал елден заңсыз шығарылған капиталдың көлемі жайында әртүрлі ақпарат бар. Депутаттар келтірген мәліметте 160 миллиард доллар оффшорда жатыр. Ал кей деректерде бұл сома 200 миллиард долларды құрайды.
Мәжіліс депутаттары заңсыз активтерді қайтару мәселеінге кірісіп кетті. Бұл орайда заңсыз әрекеттер арқылы байлыққа, активтерге ие болған мемлекеттік лауазымды тұлғалар, квазимемлекеттік секторда қызмет ететіндердің әрекеті бақылауға алынады. Сондай-ақ, активтерді қайтару барысында осы жеке тұлғалармен тығыз байланыста болған, заңсыз сыбайластық орнатқан өзге тұлғалар да жауапқа тартылады. Заң жобасы аясында арнайы Бас прокуратураның жанынан уәкілетті орган мен комиссия құрылады. Сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың жабық реестрі жасалынып, мемлекеттік қор жасақталады. Яғни заңсыз иеленген қаржы осы қорға құйылады.
Депутат Бейсенбаевтың айтуынша, дамушы елдер пара алу, қаражатты заңсыз иемдену сияқты жолдармен жыл сайын шамамен 30 млрд долларына дейін жоғалтады екен. Бұл жоба сондай-ақ, шетелге заңсыз асқан капиталды да қайтаруға мүмкіндік бермек.
Аталған заң жобасы аясында заңсыз иемденген қаражатты өз еркімен қайтарғандар қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін.
Әріптесі Бапи жемқорлық жолымен ішкен-жегенін қайтарып ғана қоймай, қлымыстық жаупаекршілікке тартылғаны да жөн деп санайды.
Өздеріңізге мәлім, өткен жылдың басында президент халықаралық сарапшылардың зерттеуіне тоқталып, еліміздегі байлықтың тең жартысы 162 адамға тиесілі екенін айтқанды. Ал елден заңсыз шығарылған капиталдың көлемі жайында әртүрлі ақпарат бар. ДепутаТтар келтірген мәліметте 160 миллиард доллар оффшорда жатыр. Ал кей мәліметтерде бұл сома 200 миллиард долларды құрайды.