Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ

c 09:35, 06/06/2023 c 286

0:00 / 0:00

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Ақорданың хабарлауынша, Астанадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Президенттің қолынан офицерлік шен алды. Айтулы шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов және тағы басқа да мемлекеттік органдар басшылары мен Парламент депутаттары және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары да қатысты.

Жылдағы дәстүр бойынша 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Биылда жексенбі күні елімізде рәміздер күніне қатысты мерекелік шаралар өтті. Тарихқа үңілетін болсақ, 1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Яғни Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып саналады. Айтулы мереке еліміздің басты туын көтерумен басталады. Бұл жолы Көк байрақты көтеру рәсімі бір күнге кешігіп орын алды. Мұны біз ел президентінің шетелде сапарда болуымен байланыстырдық. Дәстүр бойынша Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімге дайындығы жөнінде Президентке рапорт берді. Содан кейін Мемлекеттік әнұран шырқалып, Көк байрағымыз көтерілді.Президент Қазақстан халқын атаулы мерекемен құттықтап, Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар екенін айта келе, асыл құндылықтарымызды аяқасты етуге жол бермейміз деді.

Еске сала кетейік, Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазасы бар. Президент батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртын біріктірген -деді.

Көк байрағымызды көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Президенттің қолынан офицерлік шен алды. Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары жиналған қауым алдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.