Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МҮГЕДЕК БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ ТАЛАБЫ

c 10:53, 22/05/2023 c 318

0:00 / 0:00

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар 18-ге тарта талабын жазып, Президент әкімшілігі, үкімет, парламенттің қос палатасы, еңбек және денсаулқы сақтау министрліктеріне арыз-шағымдарын жолдады. Бүгін үкімет пен Парламент ғимараттарының жанына келген 50-ден аса ананы көрген полиция олардың бірден қоршауға алды. Алайда, жоғарыда аталған органдарға арыз-талабын өткізуге келген аналар біз бұл жерге шу шығаруға емес, өтінішімізді өткізуге келдік деді Бақытты шаңырақ қорының мүшелері. Бұл мәселеге Президенттің араласуын сұрап отырған аналардың талабы жайында толығырақ Астаналық тілшіміз баяндайды.

Ел астанасында Ақорда, Үкімет, Парламент, министрліктер үйі маңын полицейлер ерекше қорғауда ұстайды. Бұл жерге аяқ басқанның бәрі бақылауда. Ал бүгін президент әкімшілігіне, үкімет пен Мәжіліс және Сенатқа, еңбек мен денсаулық сақтау министрліктеріне арналған талап-арызын алып келген аналардың жүрісінен қоғамдық қауіпсіздікті қорғап тұрғандар қорқып қалды ма, арнайы жасақ келіп бірден оларды қоршауға алды. Тіпті, адамдарды тиеп әкететін автобустары да дайын тұрды. Бұл «қорғалатын аймақ» дейді полицей Садықов.

Алайда, аналар ешбір наразылық шеру емес, тек талап-арыздарын өткізуге келгендерін айтып, түсіндіріп жатты. Арнайы жасақ қоршауға алмай, кедергі жасамаса 5 минутта хатты өтікізіп кетіп қалар едік дейді олар ШУМ

Не керек, топ ана өз шаруасын тындыруға кірісіп кетті. Ақорданың маңына мүгедек бала тәрбиелеп отырған 50-ден аса ана келді. Олардың талабы 18 пунктен тұрады. Президенттен, құзырлы органдардан қолдау сұраған талап-арыздарын қағазға түсіріп, аталған мекемелерге өткізді. Басты талаптары- мүгедек бала асырап отырған аналарды 55 жастан зейнеткерлікке шығару, мүгедек баласы бар отбасыларының баспанаға жеке кезегін енгізу, мемлекеттен жалға алған пәтерді атына түсіріп беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру мүмкіндігін кеңейту, оған бөлінетін қаражатты ата-ананың қолына беру, сапалы дәрімен қамту, санаторияға тегін жолдама беру. Әрқайсы өтініштерін жеке-жеке тапсырды.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналардың айтуынша, олар 2019 жылдан бері үкімет пен әкімдіктен қолдау сұрап, аталған талаптарын айтып жүр. Бірақ еш нәтиже жоқ. Сергелдеңге түскен аналар үмітсіз емес. Ал олардың алдына шыққан еңбек министрлігінің өкілі аналардың арыз-талабына жауап береміз деп жұбатады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 92 мың мүегедек-бала тіркелген. Оның 30 мыңға жуығы жеті жастағы балалар. Елімізде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 21 955 адам баспанаға кезекте тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.