Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САРАПШЫЛАР ТАРИФТІ КӨТЕРУГЕ ҚАРСЫ

c 16:09, 18/05/2023 c 339

0:00 / 0:00

Қоғам белсендісі Петр Своик электр энергиясына тарифті көтеруге қарсы. Сарапшының айтуынша, энергетикалық секторды жекенің қолынан алып, толық мемлекеттің басқаруына беру керек.Осылайша мемлекеттік тариф саясатын құру қажет. Сондай-ақ, энергетика саласының сарапшылары Атом электр станциясын Балқаш емес, Каспий теңізінде салу қажет деген пікірлерімен де бөлісті. Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі NNWI Лондон халықаралық талдау орталығы ұйымдастырған конференцияда талқыланған еді.

Өздеріңізге мәлім, энергетика министрлігі тариф өседі деп мәлімдеп отыр. Елдегі энерго инфрақұрылымы сонау кеңес дәуірінен қалған мұра. 30 жылда бұл салаға қаржы құйылмады. Электр жүйесі 65 пайызға тозды. Жылу беру орталықтары да 80 пайызға тозған. Бұған Екібастұздағы жарылыстан соң көзіміз жетті. Енді бұл проблеманы шешу үшін 2023 жылы тариф есебінен инвестиция құю қолға алынбақ. Ал тариф өссе, соңғы тұтынушы –халықтың қалтасы қағылады. Онсыз да қымбатшылық қысып жатқанда, электр энергиясына тарифті өсіру проблеманы шешу болып табылмайды дейді сарапшылар. Сондықтан энергетика саласының сарапшылары тарифті өсіруге қарсы. Бұл саладағы инфрақұрылымды жаңартуға инвестиция тарифтен тыс тартылуы керек дейді олар.

ПЕТР СВОИК - «ПРОЗРАЧНЫЙ ТАРИФ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Тарифті көтеруге болмайды. Энергетика саласына инвестицияны тарифтен тыс тарту керек. Энергетика мемлекеттің қолында боулы керек, Бірыңғай, жалпыұлттық мемлекеттік тариф керек. Коммерциялық, олигархтар басып алған сала болмауы керек. Ортадағы делдалдарды құрту қажет»

Дегенмен энергетика министрлігі электр жарығына тариф жыл сайын 15 пайызға өсетінін мәлімдеді. Жылу беру тарифі де өседі. Ал Қазақстан 2060 жылға дейін энергия көзі болып отырған көмірден бас тартпақшы. Баламалы энерго көзі ретінде су мен жел, күнді пайдаланбақшы. Алайда, мұның өзі жеткілікті емес. Ал ураннан энерго тарту үшін елде Атом электр станциясын салу 10 жылдан артық талқыланып келеді. Бұл талқылауға көпке ұзамай нүкте қойылуы да мүмкін. Үкімет Балқаш көлі маңында АЭС салуды көздеп отыр. Бұл – Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңы болмақ. Ал әзірге реакторды салу үшін қай елдің тәжірибесін қолданатынымыз белгісіз. Сарапшылар, Балқаш көлінде АЭС салуға болмайды дейді.

САНСЫЗБАЙ ҚУАТОВ - САРАПШЫ «Балқаш Атом Электр станциясы үшін тегенедегі су сияқты.Ыстық көл, Балқаш, Байкал көлдерінің геодезиясының қыртысы сейсмологиялық тұрғыда қауіпті аймақ болып табылады.

Ондай жерде АЭС салуға болмайды. Оған теңіз керек. Кезінде Ақтауда болды ғой. Сонда салу керек»
Не керек маңызды энергетикалық қауіпсіздің мәселесі талқыланған халықаралық деңгейдегі жиында құзырлы орган болып табылатын-энергетика министрлігінің өкілдері төбе көрсетпеді. Тіпті жиынға жиналғандар «шенеуніктер ыңғайсыз сұрағымыз бен пікірімізден қашқан болар»- деген ойда қалды.

БАҚЫТЖАН ЖАҚСАЛИЕВ ТМД ҚҰРМЕТТІ ЭНЕРГЕТИГІ «Залда құзырлы орган өкілдері жоқ. Бұл энергетика министрлігінің осы проблемаға берген бағасы деп түсіндік. Министрліктің аппаратында адам толып жатса да , алдымызға келіп сұрағымызға жауап айтатын жан табылмағаны ғой. Бұл энергетика министрлігінің деңгейі».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.