0:00 / 0:00
Қазақтың жер қойнауын пайдаланып, мұнайы мен газын тасымалдап, пайдаға кенеліп жатқан шетелдік инвесторлар еліміздің ұлттыұ мүддесін елемейді дейді депутат Азат Перуашев. "Ақ жол" партиясысының фракция мүшелері индустрия министрлігін мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамытуда әрекет етпей отыр деп айыптап, мұнайгаз өнімдерін бөлу туралы ірі келісімдерді қайта қарауды ұсынды. Азат Пеурашев үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға жолдаған сауалында осы мәселені көтерді
Ақжолдықтар Қазақстанның ірі кен орындарын пайдаланып, табысқа кенеліп жатқан шетелдік инвесторлардың жауапкершлігін күшейтуді талап етті. Өкінішке орай отыз жыл бойы жер асты байлығымызды қолданып, мұнай-газ шығарып жатқан шетелдік компаниялар осы күнге дейін елімізде бірде-бір мұнай өңдеу зауытын салған жоқ дейді депутат Перуашев.
АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Қазақстанның мұнай-газ шығарып жатқан шетелдік компаниялар осы күнге дейін елімізде бірде-бір мұнай өңдеу зауытын салған жоқ. Сондай-ақ, осы табиғи ресурстарымызды өндіру үшін инвесторлардың өздері алып келетін құрал-жабдықтарды шығаратын қазақстандық бизнеспен бірде-бір бірлескен кәсіпорын құрылған жоқ».
Перуашевтің айтуынша, мұнай-газ саласына қажетті құралдарды ел ішінде өндірсек, жұмыс орындары пайда болып, қазынаға түсетін салық артып, экономиканың технологиялық дамуына мүмкіндік туар еді.
АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Машина жасаушылар одағының деректері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мұнай-газ жабдықтарын импорттауға жыл сайын 2 миллиард АҚШ долларына дейін, яғни 1 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсайды, ал, жалпы алғанда олар жылына 8 триллион тг жуық өнімді импорттайды 2021 жылы «Ақ жол» фракциясы «Өндірістік саясат туралы» заңға ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен өндірушілер арасындағы офсеттік мәмілелер мен оффтейк келісім-шарттар сияқты құралдарды енгізуге қол жеткізгенімен, Индустрия министрлігі бұл мәселені шешуге әрекет етпеді»
Ақжолдық депутаттар шикізат алпауыттарының үлесі салықпен шектеліп қалмай, ұлттық экономика құрылымын өзгертуде, өңдеуші өнеркәсіптерге жәрдемдесуде, қолданатын жабдықтардың технологияларын қазақстандық серіктестерге беруде және көрініс табуы тиіс дейді. Азат Перуашевтің алға тартқан мәліметінше, үш жыл бұрын бизнес-қоғамдастық пен үкіметтің қатысуымен жетекші мұнай-газ консорциумдары Мұнай және газ көлікқұрылысын дамытудың халықаралық орталығын құрды. Осы Орталық аясында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын кемінде 10 жаңа ірі өндіріс орны пайда болады деген жоспар болған. Алайда, Орталықтың барлық жұмысы деректер жинау, жағдайды бақылау және жоспарлар жасаумен шектеліп отыр дейді мәжілісмен. Осылайша, жаңа ірі кәсіпорындар, бірлескен өндіріс, тіпті лицензияларды беру туралы бір ауыз сөз айтылмады. Яғни, тағыда қазақстандық бизнесті «құр алдап», ал шын мәнінде ешқандай сүбелі іс атқармаған деп айыптады үкіметті.