0:00 / 0:00
Үкімет суды үнемдеу мақсатында тиімді тарифтер еншгізбекші. Су мәселесі бүгін өткен үкіметтің отырысында талқыланды. Қазір министрлер кабинетінің алдында 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ін таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазір бұл көрсеткіш қалаларда - 98%, ауылдық елді-мекендерде 94%-ті құрайды. Аса маңызды жұмыстардың бірі – елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу дейді премьер-министр Әлихан Смайылов. Суды үнемдемесек, Қазақстан 2050 жылға қарай "суға өте мұқтаж" елдердің санатына кіруі мүмкін.
Елде су тапшылығы сезіле бастады. Проблема Астанададан бастау алып жатыр. Қала қарқынды түрде өсіп, жаңа үйлер бой көтеруде. Алайда,халық саны күрт өсіп жатқан елорданы сумен қамту мәселесі ескерусіз қалған. Қазір көптеген жаңа тұрғын үйлерде су белгілі уақытпен беріліп жатса, кей үйлерде тұрғындар қара суды түндетелетіп күзетіп отырады. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмауда. Ал үкіметтің алдында 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ін таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Министрлер кабинеті сапалы ауыз сумен қамту мәселесін суға тарифті өсіру арқылы шешпекші. Үкіметтегілер жоспарлап отырғандай суға тариф өссе, тұтынушылардың қалтасы қағылады.
Үкімет отырысында мәлім болғандай, еліміздің кей өңірлерде су тазарту құрылыстарын салу жұмыстары созылып кеткен. Ақмола облысында бұл жұмыс 10 жылдан бері бітпей келеді. Қарағанды облысында ауыз су жобаларын аяқтау ісінде де шикілік көп. Ұлытау, Қызылорда өңірлерінде де суға қатысты шешілмей жатқан пробблема көп. Премьер-министр сумен жабдықтау жүйесіндегі техникалық ақауларға негізінен инфрақұрылымның тозуы мен күрделі жөндеудің уақытылы жүргізілмеуі себеп болып отыр деді. Ал индустрия министрлігінің мәліметінше, республикадағы 1 395 ауылды 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.