Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕНЕУНІКТЕР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ АЛМАЙДЫ

c 09:59, 15/04/2023 c 182

0:00 / 0:00

Ел үкіметінің құрамындағы шенеуніктердің ішінде әлі күнге дейін мемлекеттік тілді сөйлей алмайтындар жетерлік. Белгілі бір заң жобасымен парламентке келген министрлер, вице-министрлер қазақ тілін білмегені үшін депутаттардан сөз естіп жатыр. Мәжіліске бизнесті жүргізуге қатысты заңнамамен келген Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов қазақша сұраққа орысша жауап бергені үшін сынға ілікті. Ал тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдаға сәйкес, мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілін білу міндеттеліп отыр.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деп Қадыр мырза Әлінің айтқаны бүгінгі шенеуніктерге арналғандай. Себебі, олардың ішінде екі-үш тілден кем білмейтіндері жоқ. Орысшасы судай, ағылшыны туған тіліндей, одан қалдысы өзге тілдерден де хабары бар. Әтеген-айы, ана тілі-қазақ тіліне келгенде қазақстандық шенеуніктер тілі шықпаған баладай. Жетім баланың күйін кешкен қазақ тілінің мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Парламентке заң жобасын қорғауға келіп тұрған дардай министр, вице-минстрлерден депутаттар мемлекеттік тілде қойған сұрағына жауап ала-алмай әлек. Мәжіліс депутаттары өткен аптада ғана энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қазақ тілін білмегені үшін сынап, ескерту жасаған еді. Енді күні кеше алдарына келген Ұлттық экономика министрінің оырнбасары Тимур Жақсылықов да қазақ білмегені үшін сөз естіді. Тіпті мемлекеттік тілде дайындап әкелген анықтамаларының өзінде қате өріп жүр.

Мәжілісмен Қазыбек Иса шенеуніктерге парламентке келерде мекен-жайға назар аударуға кеңес берді.

Ал мәжілісмен Базарбек, қазақ тіліндегі сауалына жауап ала алмаған соң, орысша сөйлеуге мәжбүр болды.

Айта кетейік, бүгін ғана БАҚ беттерінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдасында жария етілді. Тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілін білу міндеттеледі. Себебі, мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету органдарына, тағы басқа қызметкерлерге қызметке орналасу барысында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тест тапсыру заңнамалық тұрғыда міндеттелмеген. Аталған мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет етіледі, - делінген тұжырымдамада. Әзірге құжаттағы бұл ұсыныстың қашан қолға алынатыны көрсетілмеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.