Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҮКІМЕТ ЖАРТЫКЕШ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ»

c 09:04, 14/04/2023 c 182

0:00 / 0:00

Үкімет бензин бағасын қымбаттатып отыр, жартыкеш шешім қабылдады дейді мәжілісмен Асқар Садықов. Депутат жанар-жағар майдың қымбаттауына байланысты аз қамтылған отбасылары мен әлеуметтік тауар өндірушілерге өтемақы енгізу керек деп санайды. Ол бұл ұсынысын Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Өздеріңізге мәлім, елде жанар-жағармай бағасы қымбаттап жатыр. Себебі Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығы 12 сәуірде күшіне енді.

Әзірге елорданың жанар-жағар май құю станцияларында АИ-92 және АИ-93 маркалы жанармай литріне бұрынғыдай 182-187 теңгеден сатылып жатыр. Үкіметтің бензин бағасын қымбаттату туралы бұйрығы кеше күшіне енсе де, станциялар бағаны ұстап тұр. Оның себебі әзірге белгісіз. Дегенмен, тиісті бұйрық шықты. Энергетика министрлігі бензиннің литрі 11 теңгеге, дизель отыны 20 теңгеге көтерілетінін мәлімдегенді. Ақжолдық депутаттар, үкіметті жанар-жағар май бағасын өсіре отырып, жартыкеш шешім қабылдады деп сынады. Бұл мәселе толық зерделенбеген дейді депутат Садықов.

Мәжілісмен Қазақстанды көрші елдермен салыстыра отырып жанармай бағасын жоғарылату дұрыс емес дейді. Бұл халықтың үлкен наразылығын тудырып отыр.
Блиц
Депутат Садықовтың келтірген мәліметіне сүйенсек, Ресейде бір литр бензиндегі шикізат құны 12 пайызды, ал 69 пайызын салық пен акциздер құрап отыр. Яғни, жанармай табысының басым бөлігі бюджетке түседі. Ал Қазақстанда керсінше. Ақжолдықтар үікмет жанар-жағар майдың қымбаттауына байланысты аз қамтылған отбасылары мен әлеуметтік тауар өндірушілерге өтемақы беруі керек деп санайды.

Сондай-ақ, үкіметке мұнай-газ саласындағы делдалдық фирмаларды анықтап, қызметін шектеу бойынша шара қабылдауды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.