Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СЕПАРАТИЗМДІ НАСИХАТТАҒАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛСЫН»

c 10:13, 10/04/2023 c 106

0:00 / 0:00

Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтың Қазақстанның Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелеріне қатысты қоғамның ашуы басылар емес. Бүгін елордада Ардагерлер Одағы баспасөз маслихатын өткізіп, 19 наурыз күні Петропавл қаласында «Халықтық кеңес» ұйымын құрып, Қазақстан Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялағандардың әрекетіне қатысты өз наразы ойларын жеткізді. Ардагерлер Петропавлда өткен жиында сепаратизмді насихаттағандарды қамауға алуды талап етті. Мұндай акциялар еліміздің тұтастығы үшін қауіпті дейді олар.

Өздеріңізге мәлім, Петропавлдағы 19 сепаратистің мәлімдемесіне қатысты парламент депутаттары да үкімет пен құзырлы органдарға сауалдарын жолдаған болатын.Құқық қорғау органдары «қылмыстық іс қозғады». Кейін мәлім болғандай, бұл азаматтар кешірім сұрағанды. Алайда, арандатушылық туғызғандарға қатысты жаза қатаң болуы тиіс деп отыр ардагерлер қауымдастығы. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Парламент палаталарының төрағаларына және барлық құқық қорғау органдарының басшыларына жолдаған талап-арызында «Петропавл сепаратистері Қылмыстық кодекстің ең қатаң жазасына тартылсын»- деп жазған.

МҰРАТ МҰХАМЕДЖАНОВ – «ӘСКЕРИ ҰРЫС-ҚИМЫЛДАР АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ «Бұл өте қауіпті жағдай. Петропавлда орын алған әрекет, бұрын Қарағандыда болды. Бұған дейін еліміздің бірнеше қаласында осындай мәлімдеме жасағандады білеміз. Бұл жәй емес. Сепаратистердің бір ойлағаны бар. Біз әр оқиғаға бей-жай қарамай, Қылмыстық іс қозғап, қатаң жазаға тартып, оларды отырғызуды талап етеміз».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.