Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ

c 09:22, 09/03/2023 c 121

0:00 / 0:00

Бала қауіпсіздігі үкіметтің отырысында талқыланды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп директорларының жауапкершілігін күшейтуді қолға алмақшы. Сондай-ақ, министр 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100 пайыз қамтылған дейді. Ал Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан мектептерінің 62 пайызы ғана Жедел басқару орталығымен біріктірілген бейнекамералармен жабдықталғанын айтады. Толығырақ тілші репортажынан.

Мектептегі қауіпсіздік мәселесі әлі де толық шешілмей отыр. Үкіметтің отырысында талқыланған басты мәселенің бірі-білім беру орындарында бала қауіпсіздігін қамту болды. Бірінен соң бірі жарыса есеп берген министрлердің мәліметтері сәйкеспей жатты. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан мектептерінің 62 пайызы ғана Жедел басқару орталығымен біріктірілген бейнекамералармен жабдықталғанын айтады. Кейбір облыстарда жағдай тіпті нашар. Мысалы, меткептердің Батыс Қазақстан облысында – 24, Алматы облысында - 35, Ақтөбе облысында - 41 пайызы ғана қамтылған. Ал Оқу-ағарту министрінің баяндауынша, 2023 жылдың екі айында бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100 пайыз қамтылған. Жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошақтары қосылған. Мектептердегі күзет қызметі де толық шешілмеген.Бас полицей Марат Ахметжанов айтқандай, әлі күнге дейін кей мектептерді зейнет жасындағы қарттар күзетіп отыр. Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздік мәселесін күшейтуді тапсырды. Смайылов ата-ана мектептегі баласының жағдайы мен қауіпсіздігі үшін алаңдамауы қажет деді.

Өздеріңізге мәлім, елдегі мектеп қауіпсіздігіне үкімет Татарстанда орын алған қайғылы жағдайдан соң кіріскен болатын. Алайда, қауіпсіздік мәселесі толық шешімін таппай отыр. Жақында Петропавл қаласындағы мектепте орын алған төтенше жағдай соның дәлелі. Мектепке балта мен пышақ алып кірген оқушының сыныптастарын жаралған әрекеті ата-аналарды алаңдатып отыр. Осы оқиға орын алғалы бір айға жуқытап қалды. Алайда, оқу-ағарту министрі төтенше жағдай болған өңірге әлі ат басын тіремепті. Министр енді барамын деп ақталды.

Өздеріңізге мәлім, шабуыл жасаған оқушы психиатриялық есепте тұрған. Министр Бейсембаев енді құзырлы министрлік тарапынан балалардың жүйке жүйесіне қатысты барлық мектептерде тексеріс жүргізілетінін айтады.

Сонымен қатар министр мектептерге кіруге рұқсат берудің жаңа тәртібі әзірленіп, енгізіледі. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан тәрбие жұмысы жаңғыртылады деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.