0:00 / 0:00
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға қанша мектеп салынады? Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәліметінше, қазынашылық органдарда арнайы ашылған есепшотқа жемқорлардан тәркіленген 120 миллиард теңге жиналды. Ең алдымен үш ауысыммен оқитын мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бас қаржыгер бұл жайында сенат отырысынан соң журналистердің сұрағына жауабында айтты.
Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр күздегі жолдауында жемқорлардан тәркіленген қаржыны жаңа мектептер салуға жұмсау керектігін мәлімдеген болатын. Тоқаевтың тапсырмасынан соң, үкімет қазынашылық органдарда арнайы есепшот ашып та қойды. Оған жемқорлардан тәркіленген ақшаны жинап, мектеп салады. Бас қаржыгер Ерұлан Жамаубаевтың айтуныша, ендігі есепшотқа 120 млрд теңге түскен. Бұл лаузаына асыра пайдаланып, қазынаға қол сұққан жемқорлардан тәркіленген қаржы. Әзірге Оқу-ағарту министрігінен қанша мектеп салу керектігі жайында өтінім түсе қоймаған. Бірақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін емктептерге осы есепшоттан ақша бөлінетін болды.
ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ "Қазір есепшотта, шамамен, 120 миллиард теңге жиналды. Біз оқу-ағарту министрлігінен өтінімдерді күтіп отырмыз. Алдымен үш ауысыммен оқитын мектептер жөнделеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бар, мектепті кеңейту үшін қосымша құрылыс салынады. Есепшоттағы ақша ең бірінші соған жұмсалады"
Қаржы министрінің айтуынша, барлық өтінім республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады. Кейін ақша өңірлерге таратылады. Ал шетелге заңсыз жылыстаған қаражатты қайтару мәселесі қалай жүріп жатыр? Жамаубаев, күдікті деген операциямен 440 млрд теңге сыртқа заңсыз шығып кеткен деп отыр.
Шетелдерге заңсыз шыққан капиталды елге қайтару мәселесі де президенттің үкіметке жүктеген міндеттерінің бірі болатын.