Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАР АРАСЫНДА «ЦИФРЛЫҚ АУТИЗМ» ТАРАЛЫП ЖАТЫР

c 18:50, 03/02/2023 c 283

0:00 / 0:00

Қазақстанда балалар арасында «цифрлық аутизм» таралып жатыр. Смартфонға байланған балалар шынайы өмірден алыстап кетті. Ғалымдардың айтуынша, аутизм – «ХХ ғасырдың обасы». Ал цифрлық аутизм – ХХІ ғасырдың дерті. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында осы мәселені көтеріп, бала денсаулығына алаңдаушылық білдірді.

Цифрлық даму заманында өміріңді смартфонсыз елестету мүмкін емес. Еңбектеген баладан қарияға дейін ұялы телефонға байлаулы. Бұған компьютер мен планшеттерді қоссаңыз, адамзат смартфонға тәуелді. Себебі бұл заман талабы. Қазір оқудан бастап, қызмет түрлері, жалпы жұмыстары бәрі цифрланған. Алайда, озық технологияның адам денсаулығына тигізіп жатқан зардабы да жоқ емес. Сенаторлар телефонға үңілген балалардың ойлау қабілеті, сөйлеуі тежеліп жатыр деп дабыл қақты.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да «цифрлық аутизм» белгілері байқала бастады. Жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болды.

Бұл 3-4 жастағы баласына гаджет ұстатаны ата-аналардың қателігі дейді депутат. Әрине гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес, дегенмен оны шектеу жодарын іздестіру керек дейді сенатор. Осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды. Үкіметке жаңа туған нәрестелерді жаппай ретинопатия және аудиологиялық скринингтен өткізудің сапасына мән беруді, Алматы қаласындағы А.Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №4-ші мектеп-интернатқа қосымша ғимарат салуды сұрады. Сонымен қатар, логопед және офтальмолог мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік грант санын көбейтуді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.