Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛДАҒЫ САЙЛАУДАН НЕ КҮТЕМІЗ?

c 11:52, 27/01/2023 c 116

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауынан үміттілерге өз кеңесін берді. Алдағы сайлауды Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артады. Мұның бәрі саяси жүйенің орнықты және тиімді болуын қамтамасыз етеді, - деді Тоқаев. Бұл жайында мемлекет басшысы бүгін сенаттағы жиында айтты.

19 наурыз күні қазақстандықтар Парламент мәжілісінің және маслихаттардың жаңа құрамын жасақтауға дауыс береді. Бұл аралас сайлау болып табылады. Мәжіліске 69 депутат партиялық тізіммен, 29-ы аймақтық сайлау округтерінен бір мандатпен сайланады. Өздеріңізге мәлім, сайлаудан соң Парламентке келетін саяси күштердің саны да артады деген үміт бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек, - деген кеңесін алға тартты.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы депутаттыққа үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс, - деді.Бұл орайда саяси көзқарасы әртүрлі партиялардың ұстанымына тоқталды.

Ал алдағы сайлау ел парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін парламенттен орын бұйырған партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артатынын жеткізді.

Айтпақшы, Тоқаев әкімдер қандай да бір саяси ұйымға жетекшілік ете алмайтынын тағы да еске салды. Бұл дегеніміз өңір басшыларына бір партияның мүддесін қорғауға болмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.