0:00 / 0:00
Сенат цинфрлық майнинг қызметін реттейтін заң жобасы мен ілеспе құжаттарды қарап, Мәжіліске кері қайтарған еді. Алайда, төменгі палата тарап кеткендіктен, бұл құжатты сенат қайта өзі қарайтын болады. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың атауын нақтылау ескерілген. Бұл қызметті жарнамалауға қатысты нормаларды алып тастау ұсынылды.
Цифрлық майнерлерге электр энергиясын жалпы электр жүйесінен тікелей алуға тыйым салынады. Олар электр қуатын жалпы энергетикалық жүйеде профицит болған жағдайда ғана және тек қана электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық оператор биржасы арқылы сатып ала алады. Бұл көлем үшін баға шектеулері алынып тасталады және сауда тек нарықтық тетіктермен жүзеге асырылатын болады. Цифрлық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, майнерлердің қанша пайда тауып, кіріс кіріп жатқанынан хабар жоқ. Олардың табысы тікелей шетелге кетіп жатыр. Алайда, еліміздегі майнинг компаниялардың нақты кімдерге тиесілі екені жайында вице-министр ақпарат айта алмады.
Аталған құжатпен майнерлердің қызметі реттелсе, олардан түсетін кіріс көзі 650 млрд теңгені құрайтын болады дейді мамандар. Сондай-ақ, цифрлық майнинг қызметін реттейтін заң жобасында бұл қызметті жарнамалауға тиым салынған. Майнерлер салық төлейтін болады.Осыған дейін заңсыз қызмет істеп келген майнерлер енді лицензиясыз жұмыс істей алмайды.
Осы салада кәсібін жүргізіп отырған ірі компанияларға лицензия алу үшін 2 мың АЕК көлемінде яғни 6 миллион теңгеге жуық төлем жасауға тура келеді.