0:00 / 0:00
Елімізде бір аптадан соң 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталады. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың хабарлауынша, бұл науқан осы жылдың 23 қаңтарында бастау алады. Сұлтанбаев мұндай автокөліктер 200 мың теңге алымын төлейді және утиль алымынан босатылатылады деп отыр.
23 қаңтардан басталатын науқанға көлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінгендер ғана ілігеді. Сондай-ақ, темір тұлпарыңыз іздеуде болмауы қажет. Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы тиіс. Әрине тазартудан өтуі міндетті. Бұл реттік ғана акция. Ережелер ағымдағы 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға және шағын жүк автомобильдеріне, оның ішінде оң жақты басқару органдары бар автокөліктерге қолданылады. Әкімшілік полиция өкілі мұндай автокөліктер 200 мың теңге алымын төлейді және утиль алымынан босатылатылады деп отыр.
Мәлім болғандай бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды. Бірақ көліктердің тазалығы интерполмен тексеріледі.
Осылайша алдағы аптадан бастап құзырлы орган шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кіріседі. Елімізде заңдастыруға ілігетін шамамен 300 мың көлік бар. Бірақ Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелінген конструктор-автомобильдерге қатысты шу болып жатыр. Өздеріңізге мәлім өткен аптада наразы топ бас көтеріп, «констурктор көліктер» деп алатып кеткен темір тұлпарларды да заңдастыруды сұраған еді. Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, біздің елге қосалқы бөлшек ретінде кірген автокөліктер бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңдастару кезінде халыққа қызмет көрсету орталығына конструктор-көліктердің иелері де жүгіне алады. Бірақ құжат көрсету керек. Әр автокөлік бойынша жеке-жеке шешім қабылдаймыз. Сондықтан қазір сол үшін қайғырудың қажеті жоқ. Бұл мәселе толығымен қаралады, - деп сендіреді ішкі істер министрлігінің өкілі.