0:00 / 0:00
Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын ұсынды. Бұл жоба үш ауысымды және апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Мектептерде пән кабинеттерінің және қажетті оқу-жабдықтарының жеткілікті болмауы, конкурстық рәсімдердің ұзақтығы, және басқа мәселелер жобада назарға алынды.Бұл мәселе бүгін өткен министрліктің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиынға қатысқан вице-премьер Алтай Көлгінов, министрлікке балаларды тегін және сапалы тамақтандыру мәселесіне назар аударуды тапсырды.
Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын ұсынып отыр.Соңғы 10 жылда оқушылар саны 1 млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетті. Әрине халық санының өскені қуантады. Бірқа бұл білім инфраструктурасына белгілі салмақ түсіріп отыр. Яғни мектептерде орын тапшы. Әлі күнге дейін үш аусымда оқытатын мектептер бар. Министрлік басшылығы алдағы үш жылда екі ауысымда 842 мың оқушыға арналған 401 мектеп салуға республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге қарастырылғанын мәлімдеді. Қазіргі салынатын мектептер ауылда да, қалада да бірдей стандарт бойынша салынады. Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қаринова жайлы мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, әжетханалары, спортзалдары болады. Балалардың қаупсіздігі үшін бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік нысандары орнатылады. Оқу құралдарын, ауыстыратын киімдерін сақтайтын жеке шкафтар, кітап оқуына, демалуына, шығармашылық әлеуетін дамытуға тиісті жағдайлар қарастырылған деп мәлімдеген еді. Жиынға қатысқан вице-премьерді оқушылардың сапалы және тегін тамақтану мәселесі көбірек алаңдатты.
Жаңадан тағайындалған министр Бейсембаев оқушыларды тегін тамақтандыру мәселесі республика бойынша толық шешіледі деп сендірді.
Министрлік жайлы мектептер жобасын жүзеге асырамыз деп жатқанымен, елде 37 апатты мектеп бар. Әлі күнге дейін дәретханасы сыртта орналасқан білім ордалары да жоқ емес. Министр осы шаруаны тындырса жақсы болар еді.
Ал жоғарыда айтылғандай жайлы мектептер ауылдарда салынса, ауыл оқушылары да сәулет-жоспарлауы жайлы, жағымды білім ордасында оқиды деген үміт бар.