Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ?

c 14:02, 12/01/2023 c 382

0:00 / 0:00

Елімізде Атом электр станциясын Ресей сала ма? 30 жылда салынбаған Жылу электр орталықтары бой көтере ме? Қанша компания мемлекет меншігіне қайтарылды? Газ одағы құрыла ма? Жалпы Үкімет жаңа жылда нені өзгертеді? Журналистердің көкейіндегі сұрақтарға бүгін өткен үкімет отырысынан соң, премьер-министр Әлихан Смайылов жауап берді.

Бұл БАҚ өкілдері көптен күткен брифинг болатын. Премьер-министр жаңа жылдағы үкіметтің алғашқы отырысында журналистердің адына шығуға бел буыпты. Әрине үкімет басына сұрақ көп. Өздеріңізге мәлім, өткен жылдың соңындағы үкіметтің кеңейтілген жиынында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Смайылов бастаған министрлер кабинетінің жұмысын сынға алған болатын. Мемлекет басшысынан сөз естіп алған премьер кейін министрлерге шүйлігіп, «жұмыс істей алмасаңыздар орындарыңызды босатыңыздар»- дегені тағы есімізде. Не керек, жаңа жылда бес бірдей министр ауысты. Сәл де болса жаңарған үкіметтен жаңа жылда не күтеміз?

2022 жылдың еншісінде Екібастұздағы жылу қазандықтарындағы апат бар. Қақаған қыста жылусыз қалған қаланың жағдайы бүкіл елдегі жылу беру жүйесінің іріп-шіріп, тозығы жеткенін ашып берді. Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылында бірде бір жылу электр орталығын салмады. Екібастұздағы апаттан сабақ алған үкімет алдағы үш жылда бірнеше қалада Жылу беру орталықтарын салып, жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Демонополизация. Бұл да президенттің үкіметке жүктеген тапсырмасы болатын. Кезінде заңсыз меншіктеліп кеткен коспанияларды мемлекет меншігіне қайтару жұмысы басталды. Бүгінде 11 компания мемлекетке қайтарылды дейді премьер.

Сондай-ақ, күн тәртібінен түспей отырған мәселе-Атом Электр Станциясын салу. Оның да ауылы алыс емес сияқты. Қазақстан ядролық реакторды салатын орынды да белгілеп қойды. Ендігі мәселе оны кім салады? Премьер-министр бұл нысанды әлемдегі ең озық технологиялары бар компаниямен бірге салғымыз келеді. Негізгі жеткізуші ретінде «Росатомды» таңдауға қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Шешімді биыл халықаралық сарапшылармен пысықтай отырып қабылдаймыз. Бізде Росатоммен бірге арнайы жол картасы жасалды, енді дайындық жұмысын жүргізуіміз керек. Оның қорытындысы бойынша тікелей ядролық және басқа да жабдықтарды жеткізуші компания айқындалады, - деп жауап берді. Сондай-ақ, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасында «газ одағын» құрыла ма деген сұрақ қойылды. Смайыловтың айтуынша, қазіргі уақытта үшжақты газ одағын құру бойынша ресми ұсыныс жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.