0:00 / 0:00
Қайрат Сатыбалды ақшасын қайда сақтаған? Антикор Тұңғыш Президенттің туыстарына қатысты материалды жинап жатыр ма? Шетелден заңсыз шығарылған қанша капитал қайтарылды? Бүгін Сенат дәлізінде тілшілердің қолына түскен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловқа қойылған сұрақ көп болды.
Өздеріңізге мәлім, қаңтар айында Парламенттің қос палатасы бірлескен отырыс өткізіп, елбасы мәртебесіне қатысты заңның күшін жою туралы Конституциялық заң жобасын қарап, қабылдайды. Яғни бұл экс-президент пен оның жақындарына, баларына қатысты артықшылықтарды жойып, қандай да бір қылмыстық іске қатысы болса, тергеуге алуға мүмкіндік береді дегенді депутаттар. Ал Антикор Тұңғыш Президенттің туыстарына қатысты материалды жинап жатыр ма? деген сұрақ туады.
Алты жылға сотталып, түрмеде отырған экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының басқа қылмыстық істерге қатыстылығы тексеріліп жатқаны мәлім. Өздеріңізге мәлім, Сатыбалдының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Ұлан Сарқұлов Қайрат Сатыбалдыға қатысты ісі бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатыр дейді. Жалпы елден заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселесі жүріп жатқанын еске салды антикор өкілі.
ҰЛАН САРҚҰЛОВ – ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Жемқорлардан алынған 600 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылды, бұл активтер мен қолма-қол ақшалар. Біз ол туралы белсенді ұсындық»
Ал Қайрат Сатыбалдының қаражаттар мен бағалы заттарды қайда сақтағанына қатысты сұраққа Сарқұлов мырза жауап бере алмады.