0:00 / 0:00
2023 жылдың 14 қаңтарында сенат депутаттарының сайлуы өтеді. Ал ертеңнен бастап еліміздің 20 өңірінде Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының бүгініг отырысында айтылды. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 16 күнді, тіркеу мерзімі – 26 күнді құрайды. Сайлауалды үгіт жұмыстары 19 күнге созылады. Тыныштық күні – 13 қаңтар. Дауыс беру күні – 14 қаңтарға белгіленіп отыр. Орталық сайлау комиссиясы 7 күннің ішінде, яғни, 20 қаңтардан кешіктірмей сайлау нәтижесін анықтап, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы ақпарат жариялаййтын болады. Осылайша жаңа жылды жаңа сенат пайда болады.
Тағы да саяси науқан басталады. Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14-і қаңтарында сенат депутаттарының сайлауы өтетінін хабарлады. Өздеріңізге мәлім, сенаторларды халық емес, маслихат депутаттары сайлайды. Ал ертеңнен бастап еліміздің 20 өңірінде Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталады.
Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өтеді және олардың 50 пайыздан астам қатысқан кезде сайлау өтті деп саналады. Ал дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50 пайыздан астамының қолдауына ие болған кандидат Сенат депутаты болады. Айта кету керек сенаторлыққа келетін азамат соңғы он жыл бойы Қазақстанда тұрақты тұруы керек. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адам жоғары палата депутаты бола алады. Сенат сайлауы жаңадан қабылданған «Сайлау» заңы бойынша өтеді.
Сенаторлар бұл креслоға маслихат сайлауымен келсе, оған қоса Президенттің тағайындауымен келетін сенат депутаттары да бар. Заңға енгізілген өзгерістің бірі- Сенаттағы президент тағайындайтын 15 депутаттың саны 10 депутатқа дейін қысқарды. Бұл ретте олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады. Енді Ассамблея депутаттары мәжілісте емес, сенатта отырады.