Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАТАҢ ШАРА ҚАБЫЛДАУҒА ТУРА КЕЛЕДІ»

c 17:20, 07/11/2022 c 1055

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнына қарасты шахталарда апаттардың жиі орын алуына қатысты, қатаң шара қабылдауға тура келеді деді. Бұл жайында мемлекет басшысы Маңғыстау облысына сапары барысында айтты. Еңбек қауіпсіздігін сөзге тиек еткен Тоқаев өткен аптада орын алған Қарағанды облысындағы шахтадағы қайлығы жағдайға тоқталды. Өздеріңізге мәлім, шахтада метан газы тарап, жарылыс болып, 5 адам қаза болды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Өкінішке қарай, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жетті. Бұл – биыл адам өліміне алып келген екінші қайғылы оқиға. 2006 жылдан бері металлургия комбинатында 20-дан астам апат болып, 100-ден аса азамат қаза тапты.Мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, жағдай жақсармай отыр. Осыған орай жедел түрде қатаң шаралар қабылдауға тура келеді. Мен бұл жөнінде жуырда Қарағандыда сөйлеген сөзімде ескерттім. Кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек. Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән берілуге тиіс»

Тоқаев Арселлор-Миттал компаниясының техникалық жағдайды жақсартуға және жаңғыртуға қаншалықты қаржы құйып жатқанын анықтауды тапсырды. Тіпті, зауыттың жағдайына әділ баға беретін халықаралық компанияны тартуды ұсынды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, жағдай жақсармай отыр. Осыған орай жедел түрде қатаң шаралар қабылдауға тура келеді. Мен бұл жөнінде жуырда Қарағандыда сөйлеген сөзімде ескерттім. Кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек. Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән берілуге тиіс. Бәлкім бұл жұмысқа зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тарту керек шығар. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық қажет шараны қабылдау керек. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі».

Еліміздің тәуелсіздік жылдарында қазақстандық шахталарда 12 апат орын алып, 160 кенші көз жұмды. Қаза болғандардың отбасыларына өметақы беріп, ұлттық аза тұту күндерін жариялаумен шектелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.