Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САРБАЗДАРДЫҢ ӨЛІМІНЕ КІМ КІНӘЛІ?

c 09:16, 09/06/2022 c 837

0:00 / 0:00

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, әртүрлі себептермен қайтыс болған сарбаздардың өліміне армия кінәлі емес дейді. Бүгін Парламент мәжілісінің дәлізінде журналистерге берген сұхбатында қорғаныс министрі әскерде жүрген сарбаздар арасында неге өлім-жітім жиілеп кетті деген сұраққа жауап берген еді. Тек биылдың өзінде 3 сарбаз әскерде жүріп қайтыс болды. Соңғы қайғылы жағдай 4 маусым күні ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінде мерзімді қызмет әскери қызметшісі өз-өзіне қол жұмсады. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген сарбаздардың өлім-жітімі жиілеп кетті. Тек биылдың өзінде үш бірдей қайғылы жағдай тіркелді. Наурыз айында Жамбыл облысы Мерке ауданының «Андас батыр» әскери заставасынан із-түссіз жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердешовтың денесі Қырғызстаннан табылды. Сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 30212 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметтегі Қалбай Әлібек қайтыс болды. Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде Тешебаев Еділ «асылып қалғаны» туралы ақпарат тарады. Еске сала кетейік, жақында ел Президенті армияда өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты комиссия құруды тапсырғанды. Алайда, қорғаныс министрі үшін жарты жылдың ішінде үш сарбаздың өмірі қиылып отырғаны көп емес екен.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ "Біріншіден, мұндай жағдайлар көп емес. Екіншіден, сіздер білесіздер, мемлекет басшысы әр жағдайды егжей-тегжей анықтауды тапсырды. Біз комиссия құрдық. Ең алдымен, біз мұның себебін түсінуіміз қажет: жастар неге өз-өзіне қол жұмсайды? Бұған тек армия ғана кінәлі емес қой"

Осылайша қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне кім кінәлі деген сұраққа жауап іздеп көрмек. Министр әскери қызметшілердің өмірі үшін жауапкершілік командирлерге жүктелетінін айтады. Әскерге азаматтық қоғамнан пісіп-жетіліп, өз проблемаларымен келген жастарды тәрбиелеудің басқа жолын іздеп көрмек.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Білікті психолог, социологтарды шақырып жатырмыз Бұл проблеманы егжей-тегжейлі зерделеу керек. Жастар арасында не себепті осындай қарым-қатынас қалыптасқан? Жастар проблемасын көтеріп жүрген журналистер мен блогерлерді де шақырып, талқылаймыз. Сосын тиісті ұсынымдарды командирлерге береміз. Әрине командалық құрамның кінәсі де бар. Оны жоққа шығара алмаймыз»

Қазіргі кезде әскерге аттанған сарбаз бір жыл қызметте болады. Жыл сайын міндетті қызметке 16000 адам шақыртылса, оның 30%-ы ғана барады. Бұған дейін Қорғаныс министрі 18 бен 27 жаса аралығындағы ер азаматтардың әскерге баруын тартымды ету үшін әлеуметтік пакет ұсынғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.