Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ «BI Group» КОМПАНИЯСЫН СЫНАДЫ

c 18:37, 10/05/2022 c 1160

0:00 / 0:00

Нарықты басып алу ма, әлде билікті майлап қойған ба? Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков Үкіметке жолдаған сауалында осындай сұрақты алға тартты. Депутаттың айтып отырғаны еліміздегі ірі құрылыс компаниясы BI Group жайында. Мәжілісмен еліміздің құрылыс нарығында монополистке айналған BI Group компаниясы салып жатқан нысандардың сапасына сын айтты.

BI Group компаниясы еліміздің құрылыс нарығында басымдыққа ие болған. Үйді, жолды, көпірді де, білім мен денсаулық саласына қатысты нысандарды да осы компания салып жатыр. Дегенмен, компанияның салып жатқан ғимараттарына қатысты сын да жоқ емес. Мәжіліс депутат Жамбыл Ахметбековтің айтуынша, компанияның салған Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы құрылыс нысандары әлеуметтік және экологиялық талаптарды бұзып отыр. Бұл қоғамның наразылығын тудыруда. Ал қымбат нысандарды BI Group мемлекет қаражаты салады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, бүгінде бұл компания еліміздің құрылыс саласында монополистке айналған.

ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Іс жүзінде BI құрылыстық емес, маркетингтік топ болып табылады. Ол өз жобалаларын ірі компаниялардың есебінен лобби жасап өткізіп отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы бұл компания үшін ең майлы жер болып тұр. Елорданың сол жағалауныдағы жерлердің басым бөлігі әкімішілік ресрустар есебінен BI Group-ға берілген. Өз кезегінде компания бұл жерлерді өзге мердігер компанияларға сатып, үсітен пайда көрген».

Сондай-ақ, депутат аталмыш компания салған ковидтік ауруханалардың құрылысында да гәп бар дейді. Ахметбековтің мәліметінше, BI Group құрылысқа аймақтардағы қайта бұзылған ғимараттардың материалдарын алғызып, қолданған. Қазір Шымкент пен Алматыдағы модульдік ауруханалардың сапасы мен жұмсалған қаражаты бойынша жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеу жұмыстарын бастап кетті дейді ол. «Бұл Нарықты басып алу ма, әлде билікті майлап қойған ба?» Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков Үкіметке жолдаған сауалында BI Group компаниясына қатысты осындай сұрақтарын алға тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.