0:00 / 0:00
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстаннан 100 миллирд доллар заңсыз шығарылды. Бұл жайында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистермен өткен брифингте мәлімдеді. Өздеріңізге мәлім, үкімет шетелге заңсыз шығарылған капиталды Қазақстанға қайтару мәселесі бойынша 5 жұмыс тобын құрған болатын. Капиталды қайтару шараларының ішінде салықтық және салықтан тыс ынталандыру тетіктері бар.
Еліміздің құқық қорғау органдарының хабарлауынша, соңғы бес жылда шетелге заңсыз ақша шығару фактісі бойынша 200 –ден аса іс қозғалған. Алайда, ол жұмыстың нақты нтәижесін көріп отырған жоқпыз. FinReview (финревью)ақпараттық аналитикалық порталының мәліметінше, Қазақстаннан 200 миллирд доллар қаржы заңсыз сыртқа шығарылған. Бұл көрсеткішті Ұлттық қордағы жинақпен салыстырсақ, қордағы қаржы көлемі 3,5 есеге аз. Ал Ұлттық экономкиа министрінің дерегінше елден шетелге шығарлыған қаражаттың көлемі 100 млрд долларды құрап отыр.
ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЭМ "Елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестицияларды алатын болсақ, оның көлемі үлкен, 30 жылдың ішінде 400 миллиард доллардан асады. Бірақ ондаған миллиард шығарылған, шамамен, 100 миллиард, одан сәл көптеу шығар"
Қазіргі кезде үкіметте шетелдегі капиталды қайтару бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Капиталды қайтару шараларының ішінде салықтық және салықтан тыс ынталандыру тетіктері бар.
ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЭМ «Салықтық шаралардың бірі – ол дивидендтер бойынша жеңілдіктерді алып тастау. Бұрын инвесторлар оны төлеймейтін. Оны бас компанияға шығаруға немесе белгілі бір қызметтерді сатып алуға мүмкіндік болған. Біз салықтық жеңілдіктер де жасаймыз»"
Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша заң жобасын әзірлеуге кірісіп кеткен. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы ақпанда Үкіметке екі айындың ішінде шетелдерге заңсыз шығарлыған қаражат пен сол жерде алынған мүлікті елге қайтару туралы ұсыныс енгізуді тапсырған болатын. Шенеуніктер болса қаржыны қайтарудың нақты тетіктері енгізіледі. Бұл оңай шаруа емес деп отыр.