0:00 / 0:00
Әділет министрлігіне тіркелуге өтініш білдірген жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдардың аты-жөні жүр. Күні кеше Әділет министрі партияларды ресми тіркеуге не кедергі болғанын түсіндірді. Әзірге Бұл жайында Әділет министрі Қанат Мусин журналситерег берегн сұқбатында айтты. Министрдің айтуынша, "Ел тірегі", "Байтақ", "Намыс" сынды үш партия құжат тапсырған. Алайда, олардың құжаты кері қайталды. Себебі, ұйымдастыру тарапынан қателік болған.
Жаңа Қазақстанда саяси реформалар жүргізіледі. Бұл жайныда Президенттің Жолдауында айтылды. Сайлау туралы заңға өзгеріс еніп, саяси патиялардың тіркелуі әлдеқайда жеңілдеп, партия мүшелерінің саны бес мыңға азаяды. Әзірге Президенттің тапсырмасы бойныша азң қабылданған жоқ. Ал қолданыстағы заңға сәйкес, қазір партияны тіркеу үшін, мүшелерінің саны 20 мыңды құрауы керек. Енді осы санды толтыра алмағандар әділет министрілігне партиясын тіркеуде тізімге қайтыс болған адамдардың аты-жөнін енгізіп жіберген дейді Мусин. Үш партия құжат тапсырған еді, ешбірі тіркеуден өтпей қалды.
Министрдің айтуынша, белсенді топтардың құжаты бірнеше рет қайтарылды. Енді олар жоғарыда айтылған кемшіліктерін түзеп, қайта тапсырса еш кедергі жоқ. Бүгінде елімізде 7 саяси партия бар.Соңғы сайлауда оның тек үшеуіне ғана Парламенттен орын бұйырды. Айта кету керек, Қазақстанда тіркелген саяси партиялар тек сайлау кезінде ғана белсенділік танытып, жеңіліп қалғандары қоғам өміріне етене араласып жатқанын байқамаймыз. Науқанды күресте ғана көзге түсетін партияларды Жаңа Қазақстанды жасауда басқа қырынан тани жатармыз деген үміт бар.