0:00 / 0:00
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысын өсіру қажет дейді Сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Бұған дейін Мемлекет басшысы өз Жолдауында үкіметке бизнесті жұмысшылардың айлығын арттыруға ынталандыруды тапсырған болатын. Сенатта Өнеркәсіпті дамытуға арналған заң жобасын қорғаған Индустрия министрі Бейбіт Атамқұлов өнім көлемі артқанда ғана, жалақы өсіруді талап ете аламыз деп отыр. Ресми дерекке сүйенсек,елде 6,5 млн-нан астам қазақстандық – жалдамалы жұмыста еңбек етуде. Бұл ресми дерек. Бейресми мәліметте оның көлемі еке есе көп.
Қазақстанда жұмысшылардың бір бөлігі мемлекеттік қызметте еңбек етуде. Әлеуметтік салада жұмыс істеп жатқандардың жалақысы да өсуде. Әрине, қымбатшылық тиындап қосылған айлықты жеп қойып жатыр. Бүгінде қазақстандықтардың тапқан табысы тамағынан аспай қалуда. 2018 жылдан бері елде ең төменгі жалақы көтерілген жоқ. Енді Президенттің жолдауында айтылғандай, 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңгеден 60 мыңға өседі. Оның игілігін 1 миллион қазақстандық көретін болады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалдамалы жұмысшылардың да жалақысын өсіру үшін бизнесті ынталандыруды тапсырған болатын. Алайда, бұл орайда жалдамалы жұмысшылардың мүддесі қорғалмай қалып отыр. Себебі, жекеменшік кәсіпорындар жұмысшыларының айлығын өсіру, өсірмеуді өзі шешеді. Жылдап жалақысы өспей отырғандарды қазір инфляция қысып жатыр. Сенатор Бақтиярұлы жалдамалы жұмысшылардың жалақысын өсіруді ұсынады.Елімізде мұндай 6,5 млн жұмысшы бар. Депутат бейресми дерек бұдан екі есеге көп дейді.
Индустрия министрі болса, өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өскен жағдайда ғана жұмысшылардың айлығын көтеруді талап ете аламыз деп отыр. Ал президент айтқандай ол үшін бизенсті ынталандыру мәселесін үкімет енді қолға алмақ.
Әзірге Атамқұлов өндіріс орындарын модеранизациялау керек деп сөзбен жоспарлап отырғанда. Жұмысшылардың тауып жатқан табысы қымбатшылықты игере алмай жатыр. Өндірістің қарқынды жұмыс істеуі жұмысшыға байланысты екені мәлім. Егер оларға өз уақытында мардымды жал¬ақы төленбесе, айлығы өспей жатса кәсіпорын¬да еш¬қан¬дай береке болмай¬ды. Бұл өнді¬ріс қарқынын төмендетіні сөзсіз. Еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес, өн¬дірістік кәсіпорындарда жұ¬мысшылардың жалақы мөлшері инфляция деңгейінен кем болмауы тиіс.