Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

c 10:07, 05/11/2021 c 1209

0:00 / 0:00

Қазақстанда биліктегі лауазымды тұлғалардың ақшамен және өзге мүлікпен жасайтын операциялары тексеріледі. Парламент сенатының депутаттарының бастамасымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы заң қабылданды. Бүгін өткен
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар осы құжатты қарап, министрлер мен әкімдердің кіріс-шығысын бақылау мәселесін талқылады. Жобаға сәйкес, бұл тізімге нақты қай тұлғалар кіретіні Президент бекітеді. Сенаторлар депутаттардың да осы тізімде болғаны жөн деп отыр.
«Жария лауазымды тұлғалардың тізімін» қамтитын заң жобасы депутаттардың бастамасымен енгізіліп отыр. Келесі жылдан бастап халықаралық ұйымдарды Қазқастанда тексеруден өткізбек. Бұл шара елімізді халықаралық ұйымдар тарапынан экономикалық санкциялардан қорғап қалу үшін қажет. Сенат қабылдаған заң жобасына сәйкес, Қазақстанда биліктегі лауазымды тұлғалардың ақшамен және өзге мүлікпен жасайтын операциялары тексерілетін болады. Бұл жұмысты қаржылық мониторинг агенттігі жүргізеді. Биліктегілердің барлық кіріс-шығыс бақыланбақ. Жасырын кәсіпкерлікпен айналысып жүргендері болса да айқындалмақ. Алайда, біздің шененуіктер көп жағдайда бар мүлкін туған-туыстарына, жұбайларына рәсімдейтіні мәлім. Енді лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелері түгел жария тізіміне енетін болады.

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА -ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Жария лаузаымды тұлғалардың өздері ғана емес, олардың жұбайлары, отбасы мүшелері, аға-іні,қ\апа-қарындастары, әата-әжесі түгел тексеруден өтеді»

Заң жобасының мақсаты – кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының яғни ФАТФ халықаралық стандарттарын іске асыру болып табылады. Халықаралық стандартқа сай, жария лауазымды тұлғалардың тізіміне мемлекеттік басқару функциясын атқаратын тұлғалар кіреді. Оның құрамында мемлекет және үкімет басшылары да бар. Ал Қазақстанда лауазымды тұлғалардың тізімін Президент бекітеді. Сондықтан бұл тізімінде қазақ басшысы бола ма деген сұрақ туындады.

ЕРМЕК ОСПАНОВ ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ«Халықаралық тәжірибеде барлық билік басшылары бұл тізімде болуы керек. Бұл қалыпты жағдай, ешқандай проблема жоқ. Әрине бізде осы заң жобасына сәйкес,тізімге кіретін тұлғаларды мемлекет басшысы бекітеді»

Сарапшылар бұл заң жобасын депутаттар 10 жылға кешігіп ұсынып отыр деген пікірде. Ол кезде көптеген мемлекеттік қызметкерлер қаражатын банктегі есеп-шотында сақтайтын. Ал қазір жиған-тергендерін оффшор асырып жіберді. Ал сенат спикері енді қылмыстық жолмен алынған кірістерді бақылауға аламыз деп отыр.

Айта кету керек, заң жобасына сәйкес, жария лауазымды адамдар өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, 12 ай бойы олардың ақшамен және өзге мүлікпен жасайтын операциялары тексеріледі. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қосымша құралына айналады дейді депутаттар. Сондай-ақ жобада цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, осы активтерді ақшаға, не болмаса басқа мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді жүргізетін тұлғаларды қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу қарастырылған. Бұған қоса олар цифрлық даму министрлігіне қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндеттеледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.