Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КӨКПАР ТАРТЫП, БӘЙГЕ АЛМАЙМЫЗ БА?»

c 10:23, 28/10/2021 c 1379

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды жануарларды қорғау туралы заң жобасындағы талаптар алаңдатады. Мәжілісмендер осы заң жобасындағы нормалар ұлттық спорт түрлерінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін дейді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Жоба жануарларға жауыздық жасайтындарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Жануарды қатыгездікпен өлтіргендерді бір жылға дейін бас бостандығынна айрыу жазасы бар. Жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жеке тұлғаларға 5-тен 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғаларға 10-нан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген. Үй және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, жансыздандыру ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғаларға 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін, заңды тұлғаларға 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.

Аламан бәйге, көкпар тарту сияқты қазақтың ұлттық спорт ойындарына қауіп төніп тұр ма? Экологтар ұсынған жанураларды қорғау туралы заң жобасындағы нормалар депутаттарды алаңдатып отыр. Себебі, жобада жануарлардың жарақат алуына, мертігуіне, олардың өлуіне әкеп соғатын ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынып отыр. Ал ұлттық спортта жануарға да, адамға да қауіп бар дейді депутат Бекболат Тілеухан.

Қазақша ойын әрең жеткізген экология министрінің сөзінен ұққанымыз бұл норма ит төбелестіруге қатысты болып отыр. Дегенмен, депутаттар заң жобасында жануарлардың қатысуымен өтетін ұлттық спортқа қатысты нақтырақ жазу керек деген талап қойды. Себебі, құжаттағы норма бәйгеде аты жазатайым болған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соғуы да мүмкін деп алаңдады мәжілісмендер.

Парламент Мәжілісі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоғарыда аталған кемшіліктер екінші оқылымға дейін түзетілмек. Жоба жануарларға жауыздық жасайтындарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Жануарларды қатыгездікпен өлтіргендер бас бостандығынан айырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.