Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Жұмысшыларға өтемақы төлеу керек»

c 11:22, 28/01/2021 c 458

0:00 / 0:00

Ақжолдықтар пандемиядан зардап шеккен жұмысшылардың жалақы қорының жарытысын өтеуде талап етті. Үкіметке жолдаған сауалында мәжілісмен Азат Перуашевтің айтуынша,  бизнесті несиелердіру субсидиялау және салықтарды кейінге қалдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ онда жұмыс істейтін жұмысшылардың да мүддесін қорғау керек. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасына сай құрылатын экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі бизнесті жемқор шененуіктерден қорғайды деп сенеміз деді депутат.

Президент экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырғаны мәлім.  Агенттік жалған кәсіпорындар мен қасақана салық төлемеушілермен жұмыс істейтін болады.  Бүгінде Қазақстанда осыған ұқсас мәселелермен айналысатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және экономикалық тергеу қызметі бар. Алайда, олардың жұмысы бизнесті басумен байланысты дейді депутат Перуашев. Ақжолдықтар жаңадан құрылатын экономкиалық қылмыстармен күрес агенттігі кәсіпкерлерді жемқор шенеуіктерден қорғайды деген үмітте.

Азат Перуашев –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Осыған байланысты, бизнеске қосарланған емес, үш есе қысым жасауды болдырмау үшін "Ақ жол" фракциясы аталған мемлекеттік органдардың салалары мен өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратуды, сондай-ақ жаңадан құрылатын агенттіктің функциялары  қайталайтынбас үшін, ол органдардың функциясын жоюды сұрайды"

Өткен жылы "Ақ жол" фракциясының сұрауы бойынша Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатты және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзғаны үшін  экономикалық қылмыс қызметінің 150 қызметкерін жауапқа тартты. Оған қоса ел бизнесі пандемиядан да зардап шегіп отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, карантин барысында 430 мың шағын және орта бизнес жабылып қалды немесе қызметін тоқтатты. Дүниежүзілік банкі Қазақстанда кедейлер саны 1,5 миллионға көбейгенін мәлімдеп отыр. Ал бұлардың көбісі шағын кәсіпкерлікте жұмыс істеген жұмысшылар дейді депутат Азат Перуашев. Бұл орайда партия үкіметтен жұмысшылардың жалақы қорының елу пайызын өтеуді талап етті.

Азат Перуашев –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Мыңдаған кәсіпкер шығынға батып, банкротқа ұшырады. Ал олардың бұрынғы жұмысшылары кедейліктің күнін кешуде. Бизнесті несиелердіру, субсидиялау, салықтарды кейінге қалдырумен ешктелмей,  онда жұмыс істейтін жұмысшылардың да мүддесін қорғау керек. Жұмысшылардың жалақы қорының жарытысын өтеу қажет.»

Ақжолдықтар бизнесті қолдау, жемқорлықпен күрес, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға арналған сайлауалды бағдарламасында қамтылған ұсыныстарын үкіметке жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.