Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БОЛА АЛАМЫЗ БА?

c 08:47, 17/01 c 765

0:00 / 0:00

Елде орын алған жаппай тәртіпсіздік, мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің әрекеті үкіметтің отставка кетуімен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының қамауға алынуымен жалғасты. Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына «сатқындық жасады» деп айып тағылып отыр. Төтенше жағдай кезінде Президент жаңадан жасақталған Әлихан Смайылов үкіметіне бірқатар міндеттерді жүктеді. Ең бастысы халықтың табысын арттыру, баға саясатын реттеу, бюджет кірісін арттыру, аймақтарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау болып отыр. Бұл тапсырмаларды орындауға үкіметтің қауқары жете ме? Президенттің бастамаларын қолдауға қатысты ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері де өз пікірлерін жарыса жеткізді.

Қаралы қаңтар оқиғасы елде қордаланып қалған біраз мәселенің бетін ашты. Ең бастысы халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік теңсіздік, байлар байып, кедейлер кедейленіп жатқаны билікті дамудың басқа жолын таңдауға әкеліп отыр. Яғни халықтың табысын арттырып ғана, елдің болашағын жасауға болады. Елде орын алған бүліктің басы осы әлеуметтік теңсіздікте жатыр дейді саясаттанушылар. Өкінішке орай, арасына арандатушылар кіріп, елде жаппай тәртіпсіздік орнап, лаңкестік әрекеттер жасалды. Жұмыссыздық, жоқшылық, тізе берсек, жиналып қалған әлеуметтік проблемалар жетерлік. Енді Жаңа Қазақстан жасамақпыз. Жаңа үкіметті жасақтап алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, оның алдына бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Ең бастысы халықтың табысын арттыру, баға саясатын реттеу, бюджет кірісін арттыру, аймақтарды дамыту болып отыр. Бұл тапсырмаларды орындауға Смайылов үкіметінің қауқары жете ме?

Өздеріңізге мәлім, Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына 30 жылда әбден байып алған олигархтардың да ат салысуы керектігін айтқанды. Бұл қордың қаражаты әлеуметтік мәселерді шешуге жұмсалмақ. Ендігі еліміздің бірқатар кәсіпкерлері қорға көмек қолын созып жатыр. Ал «Forbes» журналындағы байлар тізімінен түспейтіндер әзірге үнсіз.

Президент тапсырмаларының бірі аймақтарды дамыту болды. Соның ішінде батыс өңірлер – Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың кешенді жоспарлары өзектендірілісін деген еді. Депутаттар ЭКСПО, ЛРТ сияқты негізсіз жобаларға кеткен қаражатты, өңірлерді дамытуға жіберген жөн еді дейді.

Елде кең етек жайған сыбайлас жемқорлықты жоймай, алға жылжу қиын болады дейді саясаттанушылар.

Не керек, енді «еститін» мемлекеттен «істейтін» мемлекетке айналуымыз қажет. Сонда ғана Жаңа Қазақстанды жасаймыз,- дейді саясаттанушылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.