Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халыққа жетпей жатқан заңдар

c 18:11, 18/02/2021 c 499

0:00 / 0:00

Сенаторлар Парламентте қабылданып жатқан заңдар халыққа дұрыс жетпей жатыр деп санайды. Соның салдарынан әлеуметтік желде блогерлер, тәуелсіз сарапшылар, заңды өз пайым-түсінігі шеңберінде талдап, талқылап жатады дейді депутат Дана Нұржігіт. Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын талқылау барысында сенаторлар заңды халыққа жіті түсіндіру жұмысын күшейтуді талап етті.

Қазақстанда қабылданып жатқан заңдардың бәрі бірдей халықтың көңілінен шығып жатыр деп айту қиын. Ол тұрмақ, заңдарды халыққа жіті түсіндіру жұмыстары да шикі. Соңғы дау шығарған құжат «Отбасы -тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасы болды. Еске сала кетейік, Парламентте қаралып жатқан бала тәрбиесіне қатысты заң жобасы ата –ана мен баланы бір—біріне қарсы қою, тіпі  ата-ананы құқығынан айыру, баланың жынысын өзіне таңдауға мүмкіндік беру мәселелері қамтылған деп даурыққан болатын белсенді топ. Тіпті әлеуметтік желіде де Президенттің атына жазылған үндеу тарады. Осындай келеңсіздіктер туындамау үшін халыққа заңды қарапайым тілде түсіндіру қажет дейді сенатор Дана Нұржігіт.

Әділет министрі болса, енді әрбір заң жобасы мен қабылданған заң ақпараттық түсіндіру бағдарламасымен сүйемелденетін болады деп ақталды.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша,  заңды халық түгілі, атқарушы органдардың өзі дұрыс түсінбей жататын жағдайлар орын алады. Сондықтан заңдарды халыққа жіті түсіндіру үшін әр заң бойынша үкімет сағатын өткізіп отыру керек.

Мәулен Әшімбаев – ҚР парламент сенатының төрағасы «Нормативтік шығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулр енгізу туралы" заң жобасын сенат екі оқылымда қарап, қабылдап жіберді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.