Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үйді кім басқарады?

c 18:23, 23/02/2021 c 398

0:00 / 0:00

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасы енгізілді. Бұл өзгеріс  «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында жүзеге асуда. Биылғы жылы көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша 1 735 ұйым құрылған. Бұл пәтер иелерінің өздері тұрып жатқан үйді басқаруына етене қатысуына мүмкіндік беріп, қаражаттың жұмсалуы ашықтығын қамтамасыз етеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев көппәтерлі тұрғы үйлерді басқарудың жаңа формасы жайында айтып берген еді.

Басқарудың жаңа нысандарын құру пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері белсенділік танытып, жиналыс ұйымдастырып, мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құру туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Тұрғын емес үй жайларының қаражаттың жұмсалу ашықтығын қамтамасыз етуге болады. Тұрғындар өзі тұратын үйді өздері басқарады немесе серіктестік құра алады. Ағымдағы жылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары бойынша 1 735 басқару ұйымы құрылды.

Алайда, тұрғын үйлердің жертөлесін жалға беріп, табыс көріп отырған пәтер иелерінің кооперативі қолындағысын оңайшылықпен бергісі келмейді.Тіпті, тұрғындарды жаңа басқару жүйесіне көшсеңдер сусыз, жарықсыз, жылусыз қаласыздар деп бопсалап жатқан жәйіттер де орын алуда.Дауылбаевтың айтуынша, табыстың негізгі көзі – жарнама, жабдықтарды орнату және үй-жайларды жалға беру.Осылайша, лифтідегі және үй сыртындағы жарнамалар, төбеде орнатылған антенна немесе басқа жабдықтар көппәтерлі тұрғын үйдің қосымша табысы бола алады. Қосымша кірістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға, оны күтіп-ұстауға жұмсалуы тиіс. Ол қаражаттың жұмсалу барысы  жайныда тұрғындарға ай сайынғы есеп беріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.