Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ 400 млн теңге жұмсалады

c 10:52, 06/04/2021 c 438

0:00 / 0:00

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтеді. Бұл тестілеу шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов. Егер өткен жылдарда ҰБТ-ны қағаз форматта өткізуге 1 млрд теңге жұмсалса, ағымдағы жылы 400 млн теңге көзделуде. Сондай-ақ, білім министрлігінің өкілдері елдегі карантиндік талаптарды сақтай отырып, ата-аналардың ҰБТ тапсыратын орталыққа топырлап келмеуін сұрап отыр.

Өздеріңізге мәлім, 2004 жылдан бері елде ҰБТ тапсыру  қағаз форматта өткізіліп келеді. Биыл мектеп бітіретін түлектер үшін ҰБТ тапсыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұл жолы тестілеу электронды форматта өтеді. Түлектердің телефон қолданбақ түгілі, жасырын дайындаған қағаздарына да үңіліуге мүмкіндік болмайды. Тесті алдында тұрған компьютер арқылы тапсырады. Компьютерге орнатылған видеокамера баланың барлық іс-қимылын бақылап тұрады. Егер түлек тиым салынған әрекеттер жасаса, бірден ҰБТ нәтижесі жойылады.

Сондай-ақ, биыл әрбір тестілеушіге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Мысалы, бірінші тестілеуден 85 балл алса, ал екінші тестілеуден 100 балл жинаса, жоғары нәтижемен гранттар конкурсына қатыса алады. Пәндердің саны бұрынғыдай қалады. Тестілеу тапсырмаларының саны да өзгермейді. 120 тапсырма, ал ең жоғарғы балл – 140. ҰБТ-ны тапсыруға төрт сағат беріледі. Айта кету керек, электронды тестілеу қазына қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге 400 млн теңге жұмсалады.

Дидар Смағұлов – ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры «Биылғы жылғы электроныл тестілеуге 400 млн теңге жұмсалады. Бұған дейін қағаз форматта өткізіліп келген ҰБТ-ға 1 млрд теңге жұмсалып келгенді. Енді біз 600 млн теңге үнемдеп отырмыз».

Сондай-ақ, білім министрлігінің өкілдері еледіг карантиндік жағдайға қатысты, ата-аналарға ҰБТ тапсыру орталықтарына келіп, топырлап тұрмауға кеңес берді. Ресми мәліметке сәйкес, биыл елімізде 120 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады деген болжам бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.