Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Судың да сұрауы бар

c 15:35, 18/09/2020 c 775

0:00 / 0:00

Судың да сұрауы бар.Экология министрлігінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік суды мониторингтеу және талдау күніне орай Есіл өзенінен сынама алу процесі өтті. Қоршаған ортаның ластануынан өзен-көлдердің де сапасы нашарлап жатыр. Оған ірі зауыттардан тараған, су қоймаларынан төгіліп жатқан зиянды қалдықтардың да әсері бар. Жалпы су сынамасы еліміз бойынша  Қазгидрометтің 17 филиалында тексеріледі. Барлығында халықаралық стандартқа сай рұқсаты бар зертханалар орналасқан. Біздің түсірілім тобы елордадағы зертхана жұмысымен танысып қайтқан еді.

Бұл сұлу астананы айнала ағып жатқан Есіл өзені.  Ол миллиондаған халқы бар елорданы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Ал судың сапасын бақылап отыру үшін ай сайын осындай сынама алынып  отырады. Қаланың қажеттілігі үшін қолданатын су қоймасы Нұр-Сұлтаннан 50 шақырым жерде орналасқан. Қала өскен сайын, суға сұраныс та артып отыр. 15 жылда суды тұтыну екі есеге артты. Судың сапасын ел бойынша бірден 17 филиал бақылап отырады. Қыркүйектің 18-і Дүниежүзілік суды мониторингтеу және талдау күні. Мамандар 60 көрсеткіш бойынша суға талдау жүргізеді. Ауыр металдар, сутегі көрсеткіші және тағы басқа.

Тәуелсіз экологтардың мәліметінше, арнайы көлікпен кәріз жүйесінен жиналған кір су өзенге ағызылып жатады. Яғни өзен-көлдерді ластап отырып, сол суды ішеміз. Елордада кәрізден жиналған кір суды ағызатын, оны тазалайтын  жүйе қалыптаспаған. Ал сапасыз су адам денсаулығына зиян келтіріп, қант диабеті мен семіздікке әкеліп соғады дейді мамандар. Бүйрекке, өтке тас жиналу дерегі де өте көп. Сатистикаға сүйенсек, мұндай науқастар Қарағанды, Пауладар,Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көп тіркелген. Себебі, бұл өңірлерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары көп. Зауыттардан тараған зиянды қалдықтар маңындағы өзен-көлдерге ағызылып жатыр. Елімізде судың ластануы жылдан-жылға артып барады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.