Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сотқа наразылар

c 09:52, 18/05/2021 c 388

0:00 / 0:00

Елордада Жоғарғы соттың алдына шыққан наразы топ әділ сот жоқ дейді. Еліміздің түкпір-түкіпірінен келген әрқайсысының өз тарихы бар. Бірі банкке кепілдікке қойған үйінен заңсыза йрыды десе, Енді бірі алаяқтық құрбаны болдым дейді. Пандемия барысында кәсібінен айырылған бизнесмендер  шенеуніктерге шағымдана келген екен. Жоғарғы сот алдына келген наразы топты тәртіп сақшылары бірден бақылауға алды. Ал сот қызметкерлері бұл акцияның заңсыз екенін айтып әлек болды.

Елордаға еліміздің түкпір-түкіпірінен келген наразы топтың әрқайсысының өз тарихы бар. Бірі он жыл бойы соттың табалдырығын тоздырып, әділдік іздеп жүрсе. Енді бірі банкке салған үйінен заңсыз айырылып қалғалы тұрмын дейді. Пандемия барысында кәсібін жоғалтқандар да осы жерден табылды. Нұр-Сұлтанға әділдік іздеп келген топ Жоғарғы Соттан үмітті. Наразылық акциясына шыққандардың талабы-елдегі сот жүйесін реформалау керек. Себебі ауданнан бастап, жоғарғы сотқа дейін жемқорлық жайлаған дейді олар. Ильшат Кензин әділ судьялар істі болып, әділетсіз үкім шығарғандар ақталып кетіп жатыр дейді. Өзі әділетсіз деп таныған бірнеше судьяның аты –жөнін мына  баннерге де жазып алып келіпті. 10 жыл бұрын  Алматы қаласы, Алатау аудандық сотының судьясы Серімов алаяқтар жымқырған тауарды біле тұра шешім шығарарда оны ескермеді дейді. Дәл осы судьяның шешімінен кейін  2012 жылы үйінен айырылып қалған алматылық келіншек  Светлана Тұрғанбаева өз-өзін  өртеп жібергенін еске салды. Тізе берсек, сот жүйесінде былықтар көп дейді ол.

Банкке кепілдікке қойған  баспанасынан айырылғалы тұрған шымкенттік Ажарқұлова да соттың әділетсіз шешім шығарғанын айтады. Оның сыртынан банкте тұрған үйі сатылып кеткен. Төрт жылдан бері сабылып жүрген оның соттан әбден көңілі қалған.

Елордаға келген наразы топ  Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың қабылдауына кіре алмаған соң, осындай шешімге бардық деп отыр. Олар  судьялар өзге азаматтармен заң алдында бір дәрежелі болуы тиіс. Құқық қорғау органдарында басшылардың танысы мен туысы жұмыс істемейтіндей заң шықсын. Судьялардың барлығын 2 жылға дейін халық дауыс беріп сайласын. Азаматтар қарсы болып, заңсыз деп танылған сот шешімдері қайта қаралсын деген талаптары мен ұсыныстарын алға тартты. Ақорданың қасына келген топқа қала әкімдігі мен жоғарғы сот өкілдері шығып, бұл наразылық акциясы заңсыз екенін айтып әлек болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.