Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот әділдігі бар ма?

c 19:46, 22/04/2021 c 688

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін біртіндеп және жүйелі жаңғырту қажеттілігін айтты. Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуы тиіс. Реформалар қоғамның соттарға сенімін күшейтуге, сотқа жаңа кәсіби мамандарды тартуға, сот процестерінің тиімділігі мен қолайлылығын арттыруға жол ашады – деді мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бесінші отырысы онлайн форматта өткен еді.

Реформалар жөніндегі жиында талқыланған мәселенің бірі-сот жүйесіне қатысты болды. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов бұған дейін елдегі сот жүйесінің проблемаларын айтқан болатын. Жемқорлық, сот жүйесіндегі айыптаушыға басымдық беру, соттардың өз шешімін халыққа жіті түсіндірмеуі сотқа деген сенімді жоғалтып отыр. Бас судьяның айтуынша, құқық қорғау органдары белгілі бір лауазымды тұлғаларды ұстауда елге жариялап алады да, кейін прокуратура айыптауды ауыстырып тастайды немесе сотталушыны ақтап алуды сұрап жатады. Мұндай жағдайда сот бәріне кінәлі болып қалады дейді Асанов. Сондай-ақ, құқы қорғау органдары күдіктіні ұстау барысында елді дүрліктіріп, оның айыбы дәлелденгендей мәлімделер жасайды. Осылайша қоғамда сот шешімі шықпай жатып, күдікті кінәлі деген пікір қалыптасады. Ал сотта айыптаушы жағы оның кінәсін дәлелдей алмауы мүмкін. Сосын қылмысты саралауды өзгертіп, аз мерзімге соттауды сұрайды.

Ерлан Қошанов – ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі «Жоғарғы сот судьялығына үміткерлерге қатысты саралау талаптары өзгертіледі. Бұл тәжірибелі заңгерлерді тартуға, сот жүйесінің ашықтығын қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы дауды шешуде, инвесторлардың құқығы кеңейтіледі».

Қазақстанда сот тәуелсіз деген түсінік қашанда шындыққа жанаспайды. Себебі, кез-келген судья өз басшылығына тәуелді. Сот төрағасына қарсылық білдірген сот шешімі болған емес. Себебі, оның шешімімен келіспеген басшылық  бұл шешімді жоққа шығару үшін барлық күшін салады. Президент әділ сот төрелігін қамтамасыз ету үшін сот жүйесін біртіндеп және жүйелі жаңғырту қажет. Сот жүйесін реформалауда судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайту керек деді.

2020 жылы сот жүйесін жаңғыртуға 57 миллиард теңге бөлінді. Соттар қазақстандықтардың жалақысынан 7 есе көп айлық алады. Жеңілдіктері тағы бар.  Судьяларға жеке тұрғын үй салуға жер телімі беріледі, сот саласында 10 жыл қызмет еткендер баспанамен қамтамасыз етіледі. Ал зейнет жасына жеткен судьяларға коммуналдық қызметтерді төлеуге 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Сөйте тұра сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.