Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА 250 БАЛА СУҒА КЕТТІ»

c 19:42, 16/05/2022 c 967

0:00 / 0:00

Биыл шомылу маусымы басталмай жатып 25 адам суға кетті. Төтеншеліктердің айтуынша, суға шомылу маусымында бала қауіпсіздігі сақталмай жатады. Өкінішке орай рұқсат етілген жерлерде ғана суға шомылуға болатынын айтып, ескертіп жатқанымен оны елемейтіндер көп. Соңғы екі жылда Қазақстан бойынша 857 адам суға кетсе, оның 247-сі бала. Яғни суға кетіп, қаза болғандардың 25-30 пайызын балалар құрап отыр деп дабыл қағады құтқарушылар.

Жайдары жаз келіп, аптап ыстықта шомылатып жер іздеп, жағажайға барушылар саны артады. Жылдағы дәстүр бойныша құтқарушылардың да бұл кезде қырағы болып, қауіпсіздік шарасын сақтау бойныша ескертпелерін айту шарасы жүргізіледі. Өкінішке орай суға шомылу маусымы басталысымен қайғылы оқиғалар да орын алып жатады. Әсіресе бала қауіпсіздігіне келгенде үлкендер тарапынан немқұрайлық танытушылар да жоқ емес. Соңғы екі жылда елімізде 250-ге жуық бала суға кеткен.

Құтқарушылардың айтуынша, биылдың өзінде суға шомылу маусымы басталмай жатып 25 адам қаза болды.

Балалар арасында шомылудың қауіпсіздік ережелерін ғана емес, барлық қауіпсіздік шарасын түсіндіру керек. Бұл орайда ата-аналар үйде балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіуі тиіс дейді Сыздықов мырза. Жалпы халықтың судағы қауіпсіздік әдебін қалыптастыру мақсатында еліміздің оқу орындарында 1,5 млн адамды қамтыған 800-ден астам интерактивті сабақ өткізілген. Суда адамдардың қаза болуына жол бермеудің негізгі шарасы – шомылуға тыйым салынған орындарда рейд жүргізілмек. Қазірдің өзінде 17 мыңнан астам рейд жүргізілген. Нәтижесінде 118 азамат жауапкершілікке тартылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.