Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Переметный ауылының 15 шақырымдық жолы жөнделмек

c 11:29, 09/10/2018 c 639

БҚО Зеленов ауданына қарасты, Переметный ауылында 14 көшеге жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында іске асып, тақтайдай жол ауыл тұрғындарының игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Жұмыстар биылғы жылы басталып, келер жылы аяқталады. Переметныйлықтар үшін жағымды жаңалық аудан активінде белгілі болған еді. Елбасының жолдауын қолдауға арналған активте талқыланған өзекті мәселелер мен аудан тұрғындары үшін оңтайлы шешімдер жайлы толығырақ келесі сюжетте.

0:00 / 0:00

Елбасы биылғы жылғы жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне байланысты нақты тапсырма жүктеген еді. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету үшін Зеленов ауданында 51 мектепке дейінгі балабақша қызмет жасап жатыр. Олардың төртеуі жекеменшік. Бүгінгі таңда аудан көлемінде бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 68,5 пайызды құрап отыр. Білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстардың баршасын аудан әкімі актив жиналысында баяндаған болатын.

Елбасының жолдауында кәсіпкерлерді қолдау мен оларға жағдай жасау бағыты ерекше айтылды. Жиында сөз алған аудан кәсіпкерлері мемлекеттің қолдауын сезініп жатқандығын, бизнес субьектілері олар үшін жасалынып жатқан қолайлы жағдайларды жіпке тізіп, жаңа жолдаудың тиімді тұстарын атап өткен еді.

Биылғы жылы Елбасының жолдауында мектеп туризмін дамытуға көңіл бөлініп, арнайы тапсырма жүктелген еді. Облыс көлемінде оқушылар арасында туризмді дамытуға арналған арнайы орталық жұмыстанып жатыр. Ондай орталықтың бірі Зеленов ауданында бар. Елбасы жолдауын талқылауға арналған жиында баланың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті дарытатын мұғалімдер бірнеше мәселенің бар екендігін айтып, аудан әкіміне баяндаған болатын. Ұстаздарды көп жылдан бері қолданылып келе жатқан палаткалардың жай-күйі мен қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы алаңдатып отыр. Аудан әкімі педагогтардың уәжін тыңдап, Елбасы жүктеген міндеттерді шешуге уәде берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.