Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отандық өнімді арттыру

c 09:36, 16/09/2020 c 658

0:00 / 0:00

Қазақстанда өндірістің әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында Индустряи министрі Бейбіт Атамқұлов жаңадан шығарылатын отандық өнімдер жайында айтып берді. Осылайша үкімет импортқа тәуелділіктен құтыламыз деп санайды.

Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 996 миллиард теңге болатын 206 жоба іске қосылады.

Экономистердің пайымдауынша, импортқа тәуелділік ел экономикасы үшін  қауіпті. Себебі, шетелдік тауарды сатып алу валютамен жүзеге асады. Ал валютаның бағамы құбылмалы. Осылайша табиғи ресурсқа бай ел өз өнімімізбен толық қамтиаламй отырмыз. Тек шикізатты экспорттап, ол өнімді ұтымды пайдаланып, өндірісін өркендетіп отырған елдерден қайта сатып алып жатырмыз. Мысалы, Қазақстан Италияға қойдың жүнін экспорттайды. Ал біз сол елде шығарылатын киім үлгісіне  құмармыз. Тіпті, көрші Қырғыз  елінде киім-кешек тігу дамып тұр. Қазақстан жеңіл өнеркәсіптік тауарлардың 90 пайызын сырттан сатып алып жатыр.  Ел Үкіметі импортқа тәуелділіктен құтылу үшін отандық өнімнің әлеуетін көтермек.

Индустрияландыру картасы аясында  қазақстандық өнімді шығаруға ағымдағы жылы 1 триллионға жуық қаржы бөлінбек.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда өз өнімін шығарғаннан гөрі, шикізатты сатып пайда көруге басымдық берілген. Дүкен сөрелерінде қаптап тұрған импорттық өнімдер көздің жауын алады. Азық-түліктің 40 пайызы сырттан әкелінеді. Ал тұрмыстық тауар шығару біздің елде мүлдем қолға алынбаған. Отандық өнімдің әлеуетін арттыруда бет сүртетін орамалдан, ұшақ шығаратын өндіріске дейін дамытуға болар еді. Ол үшін салықтық жеңілдік пен қаржыға  қолжетімділік керек.Өз ісін айналдырам дейтіндер үшін, екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемесін екінің бірі көтере алмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.