Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨРТ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТТЫ

c 10:03, 20/09/2021 c 674

0:00 / 0:00

Қазақстанда тілсіз жаудың құрбаны болғандар саны артты. Төтенше жағдайлар министрлігінің  Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, жыл басынан бері елімізде 7 515 өрт жағдайы тіркеліп, 251 адам қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өрт саны 7% төмендегенімен, оның құрбаны болғандар саны  20%, өсіп отыр. Өкінішке орай, суға шомылу маусымында да қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан суға кетіп, мерт болғандар көрсеткіші де артқан.

Тосыннан келген апат, тілсіз жау адамзат өміріне үлкен қауіп. Өрт құрбандарының саны артты. Төтеншеліктер, елімізде орын алған өрт салдарынан көз жұмғандар саны жыл басынан бері 215 адамды құрап отыр, бұл статистика  өткен жылдармен салыстырған 20 пайызға артты дейді.

ЕРЛАН ТӨРЕГЕЛДИЕВ – ҚР ТЖМ  КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ -«Жыл басынан бері елімізде 7 515 өрт жағдайы тіркеліп, тіл жаудан 1 018 адам құтқарылды. Өкінішке қарай 251 адам қайтыс болды. Сонымен қоса 217 адам түрлі дәрежедегі күйік алды және уланып қалды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өрт саны 7% төмендеген, бірақ оның салдарынан адамның қаза табуы 20%, ал жарақат алу 18% өсіп отыр».

Құтқарушылардың айтуынша, көп жағдайда тұрғын үй секторында  өрт жиі орын алады. Биыл 4 300-ден астам өрт болды, бұл еліміз бойынша өрт жағдайының 58%-ын құрап отыр. Бұған пандемия барысында өзін-өзі оқшаулау, карантин кезіндегі шектеулер де әсер етіп отыр дейді төтеншеліктер. Енді алда жылу беру маусымы басталады. Мұндай жағдайда жекеменшік үйлерде пешті қолдану қауіпсіздігін сақтаған жөн. Сондай-ақ, құтқарушылар жайдары жаздың қызығы-суға шомылу маусымының қортындысын жариялады. Өкінішке орай суға батып, қайтыс болғандар саны көп.

Жыл сайын әлемде 360 мың адам суға кетіп, қайтыс болады. Оның басым бөлігі 25 жасқа дейінгі азаматтар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.