Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орманды қорғайық

c 21:00, 14/02/2020 c 918

0:00 / 0:00

Еліміздің  экология министрі  Мағзұм Мырзағалиев, БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілі және еуропалық компаниялар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған үш жақты келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес, серіктестер  Қазақстанда  орман алқаптарын көбейте отырып, қоршаған ортаға тарап жатқан парникті газдардың қалдықтарын азайту жолында жұмысты күшейітпек.  Экология министрлігінің мәліметінше, елімізде қараусыз қалған ормандар өте көп. Ондай жерлерде өрт жиі болып, ағаштарды заңсыз кесу әрекеттері орын алады.

Нидерландық компания біздің елдің ормандарын қорғауды қолға алмақ. Орман алқаптарын күтіп ұстауға, ағаш отырғызуға, жалпы орман шаруашылығына еуропалық компания ағымдағы жылы 1 млн доллар бөлуді көздеп отыр. Бұл ақша қарызға беріліп жатқан сома емес, компания өз еркімен осындай шаруаны қолға алмақ. Компания Қазақстандағы өзінің серверлеріне электр энергиясын көп тұтынады. Ал энергия көзін алу үшін Жылу беру орталықтарында көмір жағылып, экологияға оразан зиян келтіріп жатқаны мәлім. Сондықтан компания қоршаған ортаға келген шығынды өтеп бермекші. Қазақстан үшін бұл таңсық болар, ал еуропалықтар үшін қалыпты жағдай.

Вадим Крутов  - «Bitfury group» компаниясының өкілі; «Біз ормандарды қоршамаймыз. Біз Қазақстандағы барлық орман алқаптарын күтіп ұстауға көмектесеміз. Өрт қауіпсіздігін сақтау, жалпы орман шаруашылығын жүргізу шараларына ақша бөліп, қолдау жасаймыз. Ағаш отырғызамыз»

Орман алқаптарында жайқалып өсіп тұрған ағаштарды заңсыз кесу әрекеті әлі де тоқтар емес. Бұл экологияға келтіріп отырған зиянның бірі. Еуропалық компания енді Қазақстан ормандарына ағаш отырғызуға қаржы бөліп жатыр. Өсімдік жер шарының өкпесі болғандықтан, орман алқабы кеңейсе, қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік туады дейді мамандар.

Мақсат Елемесов – ҚР табиғи ресурстар, геология және экология министрлігінің басқарма басшысы; «Ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғаймыз деген сөз емес. Біз ағаш отырғызу арқылы елдегі экологиялық ахуалды жақсартамыз. Бүгінде өндіріс орындарынан қоршаған ортаға тарап жатқан зиянды қалдықтардың 55 пайызын ормандар сіңіріп алып жатыр».

Атадан тал қалғанша, мал қалсын демекші. Бізге еуропалықтардан тал мұра болып қалайын деп тұр-ау. Қазақ елінің ормандарын қорғауға кіріскен шетелдіктердің әрекеті қазақстандықтарға үлгі болса игі. Бүгінде, экологияға  зиянын тигізіп отырған ірі өндіріс орындарына салынып жатқан айыппұлдар басқа салаға кетіп жатыр. Ал қоршаған ортаны қорғауға бұл қаражаттың тек аз бөлігі ғана  жұмсалады. Парламент қарауына енгізілген Экология туралы жаңа кодексте экологиялық айыппұлдар тек осы салаға жұмсау көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.