Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірімізде дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

c 18:18, 23/08/2019 c 1274

0:00 / 0:00

Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті. Биылғы кеңесі «Білім және ғылым» тақыры­бында өткенімен, мазмұны Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен мәндес өрбіді. Яғни, IT технологияны меңгеру, педагог кадрлардың біліктілігін арттырып және білім беру ісінде нәтижелі жұмыс жасау жайы талқыланды. Сондай-ақ, жекеменшік білім беру секторын қалыптастырып, ашық бәсеке алаңын құрудың маңыздылығы да сөз болды.  Тамыз кеңес алдымен театр фоесіндегі ғылыми-әдістемелік көрмемен ашылды. Жылма-жыл ұсынылатын ғылыми-технологиялық жаңашылдықтардың арасынан көпшіліктің көңілі биыл бейнежазбалар мен 3д моделдеріне ауды. Аталған бағдарлама «Смарт есеп» аталады. Құрылғы көмегімен сабақты интерактивті түрде түрлендіріп, оқушыларды қызықтыра отырып, білім береді.

Жиынға өңірімізден 400-ге жуық мұғалімі жиналды. Ұстаздар үшін тамыз кеңесі - жылына бір мәрте кездесу емес, білім саласының бүгінгі тыныс тіршілігі мен келешегін айқындайтын шара. Білім басқармасы басшылығына кеше ғана тағайындалып, бүгін жұмысына кіріскен Айымгүл Тұржанова кеңеске қатысушыларына сәттілік тілеп, баяндамасын қысқа қайырды.

Соңғы жылдары білім саласын қаржыландыру қомақты. Мектеп салу, олардың материалдық-техникалық базасын байыту жұмыстары елдің түкпір-түкпірінде қарқынды атқарылып жатыр. Биыл өңірдің білім саласына - 72,2 млрд теңге қарастырылса, ол өткен жылмен салыстырғанда 14 млрдқа өскен. Өсімнің 60 пайызы өңір педагогтары жалақысын өсіруге жұмсалса, қалған 40 пайызы мектептердің материалдық базасын жаңартуға арналады. былтырғы оқу жылында 8 білім нысаны пайдалануға тапсырылды.

Елімізде Білім және ғылым жүйесін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасақталып жатыр. Мұнда бүлдіршіндерді 6 жастан бастап мекепке беру мәселесі қарастырылған. Басқосуда биыл ел мектептеріндегі 4, 9, және 10 сынып оқушыларының жаңартылған бағдарламаға көшетіні де айтылды. Келер жылдың еншісіндегі 11 сыныптың оқу бағдарламасын жаңарту, 12-жылдық білім беру мен бүлдіршіндерді бөбекжайларға орналасуы мәселелері сөз болды.

Келешегі кемел елдің тәрбиелі де білімі терең шәкірттерін тәрбиелеу жолында ұстаздарға үлкен міндет артылып отыр. Үздік педагог Ақерке Байженова да білімді де тәрбиелі шәкірт тәрбиелеу жолында уайым жеп жүр.

Әрбір шәкірттің келешегі - ағарту саласы мамандарының қолында екені екі бастан белгілі. Сондықтан, ұстаздар жұмысы - қашанда ұлттың ісі.

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.