Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Nur Otan партиясының кандидаттары

c 09:17, 26/11/2020 c 670

0:00 / 0:00

Nur Otan партиясынан алдағы  Парламенттік сайлауға 126 үміткер бекітілді. Бұл шешім қазіргі билік партиясының кезектен тыс XX съезінде қабылданды. Депутаттыққа ұсынған кандидаттардың  49-ы Орталық партиялық квота бойынша үміткер болды. Кандидаттар арасында ел билігінде жүрген тұлғалар бар.  Сенат төрағалығынан кеткен Дариға Назарбаева, қазіргі мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, үкімет басшысы Асқар Мамин, депутат Бекболат Тілеухан, Самұрық-қазына қорының басшысы Ахметжан Есімов, Тамара Дүйсенова, Бауыржан Байбек, Айдос Сарым, Ерлан Сайыров сияқты азаматтар бағын сынамақ. Партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  жетекшілігімен өткен жиында елдің әлеуметтік –экономикалық мәселелерін шешу жолдары айтылды.

Қазіргі билік партиясы- Nur Otanның сайлауалды бағдарламасы елдің алдағы бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысына бағытталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңге бөлінетінін айтты.

Ал үнемі  күтімге мұқтаж және жеке көмекшісі жоқ бірінші топтағы мүгедектерге арнаулы жәрдемақы төленбек. Оның көлемі ең төменгі  күнкөріс деңгейінен 1,4 есеге көп болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту көрсеткішін 30 пайызға жеткізу,  олардың білім алуына жағдай жасау көзделген. Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Осылайша апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесі шешлімек. Шағын қалалар мен аудандарда, ауылдардағы 5 мыңнан астам мектеп жаңартылады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы 2025 жылға қарай бизнес ЖІӨ-нің 35%-ын құрап отырып, 4 млн қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті «Қазақстан бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалған елдер тобына кіруі тиіс. Бизнеске жасалған кез келген заңсыз кедергі ауыр қылмыс ретінде қаралады», - деді Тоқаев. «Біздің 50 мың азаматымыз, бірінші кезекте, ауылда бизнесін ашуға шағын несие алады, жоспарланған экономикалық бағытты іске асыру 2025 жылға қарай жыл сайынғы өсу қарқынын 5%-дан астам

Алдағы үш жыл ішінде инфляция 4%-ке дейін төмендетіледі дейді Президент. Осылайша нұротандықтар 2025 жыл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жыл болмақ деп болжауда. Ал Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев "елде демократия жоқ" деп сынайтын азаматтарға жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы "Несін айтасың, қазір АҚШ-та да, мысалы сайлау кезінде демократтар ЕҚЫҰ бақылаушыларын мүлде кіргізбей қойды. Егер бізді сынаса, неге өз жерлерінде осындай тәртіпсіздіктер орын алады? Таяқтың екі ұшы бар деген осы. Бір ай бойы Беларусьті де сынады. Дәл осындай жағдай Болгарияда да болды, бірақ, неге екені белгісіз, біз еш жерден бұл жайлы естіген жоқпыз"

Билік партиясының сайлауалды бағдарламасынан соң, депутаттыққа түсетін кандидаттардың тізімі бекітілді. Nur Otanнан 126 үміткер сақадай сай. Кандидаттар қатарын Дариға Назарбаева,

спикер Нұрлан Нығматулин, премьер-министр Асқар Мамин, Ахметжан Есімов, Тамара Дүйсенова, Бауыржан Байбек, Айдос Сарым, Ерлан Сайыров сияқтылар бастап тұр. Тізімде қазіргі мәжіліс депутаттарының 20% жүр. Сондай-ақ, кәсіпкерлер, экономист, заңгерлер де бар.  Үміткерлердің үштен бірі  – әйелдер.Жастар да бар. Кандидаттардың орташа жасы 48 жасты құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.