Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күзде 10 млн адамға вакцина салынады

c 19:22, 06/04/2021 c 484

0:00 / 0:00

Үкімет қазақстандықтарға қауіпті ковид инфекциясына қарсы екпе салдыру жұмысын күшейтпек. Премьер-министр ағымдағы жылдың қыркүйек айында  10 миллион қазақстандықты вакциналау науқанын аяқтауды тапсырды.  Үкіметтің онлайн отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланған еді.

Асқар Мамин санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алғандар санын арттыру үкіметтің басты міндеті деді.  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, сәуір, мамыр айларында 2 миллионға адамға екпе жасаймыз деп мәлімдеді. Министрліктің соңғы мәліметі бойынша, елде ковид жұқтырғандар саны 1809 адамды құрады. Ал індеттен сауығып шыққандар саны 1122 адам болып отыр.

Өздеріңізге мәлім, елдегі эпидемиологиялық жағдайды  уысынан шығарып алған денсаулық сақату министрі Алексей Цой мемлекет басшысынан ескерту алғанды. Енді Үкімет пен денсаулық сақтау министрлігі  бір айдың ішінде ковид жұқтырушылар санын төмендету, екпе жасау жұмысын тездетпесе, жұмсақ орындарымен қоштасуы да мүмкін. Осылайша сөз естіген  үкімет халықты вакцинациялау науқанын күшейтпек. Сәуір айында аймақтарға 2 миллион вакцина дозасын жеткізу жоспарланып отыр.

Алексей Цой- ҚР денсаулық сақтау министрі -«Ақпан айымен салыстырғанда наурызда науқастар саны 30 пайызға артып кетті. Тәулігіне 1800 оқиға тіркеліп отыр. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында сәуір айында 2 миллион вакцина дозасы жеткізіледі деп көзделуде. Бұл тиісті контингенттің 23,4%-ін қамтуға мүмкіндік береді»

Министр Цойдың мәлімдеуінше, осы айда аймақтарға ресейлік "Спутник V" вакцинасының 1,5 миллион дозасы, басқа өндірушілерден қосымша 500 мың доза және отандық "QazCovid-in" вакцинасының 25 000 дозасы жеткізіледі. Өз кезегінде премьер-министр қазақстандықтарды ковидке қарсы вакцинациялау науқанын күзде аяқтауды жүктеді.

Министрлер кабинетіне сенсек,  денсаулық сақтау жүйесі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді.  Ауруханаларда дәрі-дәрмектің айлық қоры бар.  Қоймалар да қамданған. Әкімдерге вакцина алатындардың санын арттыру жұмысына екі қолды сыбына кірісу тапсырылды. 6 сәуірдегі жағдай бойынша 194 706 қазақстандық екпе жасатқан. Ендігі емханалар азаматтарға вакцина жасатуға онлайн жазылуды ұсынып жатыр. Ал Алексей Цой ұжымдар мен халық көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу үшін жылжымалы екпе егу пунктері іске қосылатынын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.